НАННЫҢ ҚҰНЫ – 30 ТЕҢГЕ

%d0%bd%d0%b0%d0%bd-3-%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Жақында Алматы қалалық мәсли­хатының депутаты, «Magnum Cash@Carry» сауда желісінің бас директоры Александр Гарбер ізгі шараға мұрындық болды. Ол тұрмыстық жағдайы төмен жандарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге арнап «Әлеуметтік нан» науқанын қолға алып отыр. Керемет емес пе?!

Гарбер мырза бастаған шараның рас-өтірігін білгіңіз келсе,  күн сайын сағат 10.00-де «Magnum Cash@Carry» дүкенде­ріне бас сұқсаңыз, жетіп жатыр. Алдыңыз­дан құны 30 теңге тұратын нанды байқай­сыз. Дүкеншілер солай дейді.

Ендеше, елдің еңсесін көтеруге ынталы ағайынның бұл ісіне сәттілік пен жалғастық тілейік.