ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

09-11-17-1

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

№2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында Әуезов ауданы әкімінің аппараты мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы партияның «Жемқор­лықсыз ел – гүлденген ел!» жобасы аясында ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын талқылады.

Осы іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, партияның аудандық филиалының Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы күрес бойын­ша қоғамдық кеңесінің төрағасы Саят Балғынбаев және Әуезов ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, аудан аумағында орналасқан медицина мекемелерінің басшылары қатысты.

Жиынға қатысушылар өз ортамызда орын алып жататын ірілі-ұсақты парақор­лық пен жемқорлықтың жолына кедергі болу мен оның алдын алу туралы баянда­малар жасап, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада тоқтаусыз жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

Бүгінгі таңда халық парақорлық дерті­мен жиі бетпе-бет келетінін бәріміз мо­йындаймыз. Зардабын да бәріміз тартамыз. Сондықтан кез-келген салада пара беру мен пара алудың жолын кесу үшін қоғам болып белсенділік таныту әрқайсымыздың азаматтық міндетімізге айналуы тиіс.