ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАРИЯ

????????????????????????????????????

Алмалы ауданы әкімінің аппараты Ұлы Отан соғы­сының ардагері Әбен Тұрсынбайұлын 100 жасқа толу мерейтойымен құт­тық­тады. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова бұл ерекше мерекеде ардагерді құт­тықтай отырып, оған мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі!

Мұндай оқиға әр адамның өміріндегі ең керемет жәйт деп айтуға болады. Өйткені, 100 жыл өмір сүру бұл – 1 ғасырдың тірі тарихы. Әбен ата қонақтарды үйде жылы қарсы алды және кездесу барысында өткен өмірін еске алып, қызықты жайттар туралы қонақтарға айтып берді.

Берденов Әбен Тұрсын­байұлы  1917 жылы 7 қарашада Қарағанды облысы, Ұлытау ауылында дүниеге келген. Ол  соғыстың алғашқы күндерін сол баяғыдай есінде сақтаған. Май­данға 1941 жылдың 15 тамызында 24 жасында Қазақ педагогикалық институтының соңғы курсында оқып жүріп, сес­сиясын енді жап­қан кезде алы­нады. 1938 жылы ол Алматыдағы ҚазПИ химия-биология факуль­те­тінің бірінші курсына түскен екен.

1941 жылғы желтоқсан айында бірінші рет жараланып, госпи­таль­ға жөнелтіледі. Одан соң Батыс шебінде 449-шы атқыштар полкінде болады. 1942 жылы Ржев маңында екінші рет жараланады. Оқ жүрегін жанай өткен екен, командир оны қайтыс болды деп ойлап, үйіне «қара қағаз» жөнел­теді, бірақ Әбен Тұрсынбайұлы аман қалады. Ұлы Отан соғысы­ның ең қанды бөлігі – Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан. 1941 жылы Әбен ата өзінің Мәс­кеуді қорғағаны үшін  1-есте­лік орденін, Отан алдындағы сіңірген ерлігі үшін Қызыл Жұл­дыз орденін және 1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденін иеленеді.

Әбен Тұрсынбайұлының төс­белгілері мен марапаттары өте көп. 1945 жылғы 15 қарашада ол әскерден қайтарылады, бірақ Отанына тек 1,5 ай өткенде ғана оралады. Соғыс аяқталған соң институтты аяқтап, еңбек жолын  Әбен Тұрсынбайұлы қатардағы оқыту­шы болып бастап, мектепте оқу ісінің меңгеру­шісі, директор қызметін атқарды. 1977 жылдан бастап  еңбегі сіңген зейнеткер. Қария жеті баланы тәрбиелеп өсіріп, бүгінде немере мен шөбере сүйіп отыр.

 

«Ақшам-ақпарат».