Сәбидей таза шығарма

f929202749be30f2d96a15bca818a3ab

Мөлтек әңгімелер де­ген кезде ең алдымен есімізге жапон жазушысы Рюноскэ Акутагава мен орыс жазу­шысы Антон Чеховты еске аламыз. Неге? Әлде мөлтек әңгі­мелерді мөл­діретіп жаз­атын өзімізде жазушылар жоқ па? Бар болғанда қандай, бірақ олар туралы жазбаймыз, демек оқы­маймыз.

Шуақ – жылылық. Ал оның ұзақ сонар болуы шартты емес. Адам­дардың көлемді шығармаларды оқуға уақытының жоқтығын ескерсек, бүгінде мөлтек әңгімелердің наны жүріп тұр деуге болады. Жақында қолымызға жаңа кітап түсті. Оқыдық, ой түйдік.

Оралхан Дәуіттің мөлтек әңгіме­лері – ұлттық ойлау жүйесімен жа­зыл­ған шығармалар екен. Кейіп­керлердің бойында қазақы мінез, мәрттік байлам бар.

Тіршілік – өмір қағидасы, бірақ ол үнемі күрестен тұрады. Жанр таби­ғатына терең бойлап, оқиғаны ұр­шықтай иіретін Оралхан Дәуіттің мөлтек әңгімелері тосын тұжырым­дарға бай. Оның қай әңгімесін оқысаңыз да, ортасында өзің жүресің.

«Қысқалық – таланттың қарын­дасы» деп ұлы жазушы Антон Чехов айтқандай, Оралханның барлық мөлтек әңгімелері қалыптасқан схематизмге бой алдырмаған табиғи тап-таза мөлдір шығарма. Автор өмірде өзі куә болған немесе куәгерлердің өз аузынан естіген сәттерді қарапайым тілмен баяндайды. Жазушы мұраты – қоғам үшін идеалға айналатын кейіпкер жасау болса, автор ол міндетті сәтті орындаған. Әңгіме­лердің негізгі арқауына айналған образ кейіпкерлері жақсылықтың жаршы­сындай оқырманды биік мақсаттарға талпындырады. Сезім­деріңді тазар­тып, рухыңа жан бітіреді.

%d1%81%d0%b0%d0%bc%d0%b0

Қоғам ілгері жылжуы үшін бол­мысы адал, рухы таза кейіпкерлерден үлгі алған абзал ұрпақ көбейеді. Адамның мінез-құлқы, өмірге көз­қарасы өскен ортасына тікелей бай­ланысты. Ешкімде жаман мінезбен, қаскөй көзқарас­пен дүниеге кел­мейді. Сәби кезінде бәрі таза. Халқы­мыздың адам болмысына байланысты сөздік лексико­нында «сәбидей таза» деген тіркес тектен-тек қолданыл­маған. Сол тазалықты автордың шығармасынан көруге болады. Онда балалық та, даналық та бар.

Енді осы шығарманы балаларға қалай жеткіземіз? Осыдан бірер жыл бұрын Жапония императоры мектеп жасындағы немересінің туған күн кешіне сыйлаған сыйы жапон хал­қының ертегілері мен әдеп-ғұрып­тарға толы кітабы болыпты. Міне, осыған сай, әрбір ата-ана өз балала­рына сый ретінде Оралханның «Ақ самаурын» кітабын ұсынса, тәрбиенің төресі осы болар еді. Жақында қа­ламгер бұл тәрбиені өзі бастап, көп­шілік кітапханаға біраз кітаптарын тарту етті.

Азат ҮСЕН.