АНТЕННАЛАР АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯН БА?

заманауи радиотехникалық қондырғылардың маңыздылығы

%d0%b0%d0%bd%d1%82%d0%b5%d0%bd%d1%8b

Қазіргі таңда бүкіл әлемде компьютерлік технологияның дамыған шағы. Ғаламторсыз (интернет),  ұялы байланыс телефонсыз және басқа да құ­рыл­ғысыз жұмыс істеу мүмкін емес. Өзіңе керекті деректердің бар­лығын ғаламтор көмегімен тез алуға болады. Өмірімізді ұялы байланыс телефо­нынсыз көз алдымызға елестетуге болмайтын шығар. Ком­пьютер­лерді,  ұялы байланыс құрылғыларын, өзімізді былай қойғанда, қарт кісілерден бастап, кішкентай балаларға дейін қолданады. Телефон жанымызда болмай қалса немесе ұмытып кетсек, балаларымызды жоғал­тып алғандай қорқатынымыз рас. Яғни бізге ғаламтор, ұялы байланыс те­лефоны және түрлі құрылғылар өте керек деген сөз. Сол себепті, ғалам­торды, ұялы байланыс құрылғыларын және басқа да керекті қондыр­ғыларды пайда­лану үшін арнайы антенналар орнатылуы тиіс.

Бүгінгі күні антенналардың орнатыл­уына қарсы тұрғындардан жиі арыз-шағымдар келіп түсуде. Антенналардың адам денсаулығына зиянды әсерлері бар-жоқтығын білу жайында көптеп қоңыраулар шалынуда. Себебі, антенналардың көбісі тұрғын үйлердің шатырлары мен ауласына, әкімшілік ғимараттарға орнатылған. Біздің тарапымыздан арыз-шағымдар қаралып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Ұялы байланыс антенналары санитарлық талаптарға сай орнатылған болса еш қорқудың қажеті жоқ деп есептеймін. Өйткені, ұялы байланыс компа­нияларының әрбір орнатылатын антенна­ларына сәйкестік санитариялық-эпидемио­логиялық қорытынды беріледі. Санитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, антенналарды белгіленген орынға орнатуға қақылары жоқ. Сол себепті, рұқсат қағаздары­ның бар-жоқтығына көз жеткізулеріңізге болады.  Сөзіміз дәлірек болу үшін, сіздерге радиотехникалық объектілерді (антенналарды) адам денсаулығына зиянды әсері жоқ, қай жерлерге орнатуға болады немесе орнатуға тыйым салынатындығы туралы толығырақ мәліметтер беріп кеткенді жөн көріп отырмын.

Радиотехникалық объектілерге (ары қарай РТО) қойылатын санитариялық-эпидемио­логиялық талаптар — радиотехникалық объектілерді күтіп-ұстауға және пайдалануға, оларды орналастыруға, жұмыс жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды және қызметі радиотехникалық объектілерді орналастырумен және пайдаланумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар радиотехникалық объектілер мен радиоэлектрондық құралдар тудыратын электромагниттік өрістердің адамдарға зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған.

РТО-ді орналастыруға жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі. Санитариялық-эпиде­миологиялық қорытындыны алу үшін денсау­лық сақтау саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес қажетті мәліметтер мен құжаттар тізбесі ұсынылады.

Негізгі талаптар мачталық немесе мұнара­лық позициялардағы жаңадан тұрғызылған, жеке радиотехникалық объектіні орналастыруға қолданылады.

Таратқыштарының жиынтық қуаты 1000 Ваттан (бұдан әрі — Вт) астам болатын көлденең жазықтықтағы шеңберлік және секторлық сәулеленудің радиоэлектрондық құралдар (әрі қарай — РЭҚ)  таратушы антен­наларын орна­ластыру тұрғын үй құрылысы, балалардың, оқу және емдеу-профилактикалық ұйымдар­дың аумағына дейінгі, санитариялық қорғау аймағы (СҚА) мен  құрылыс шектеу аймағы (ҚША) арақашықтығы кемінде төмендегідей болу керек:

1) антеннаны жерден 100 метрден жоғары биіктікте орналастырған кезде — 100 метр;

2) антеннаны 50-ден 100 метрге дейінгі биіктікте орналастырған кезде — 200 метр;

3) антеннаны кемінде 50 метр биіктікте орналастырған кезде — 300 метр қашықтықта радиомачталарда жүргізіледі.

Жиынтық қуаты 100 Вт және одан жоғары, ауқымы 30 МегаГерцтен (бұдан әрі — МГц) асатын РЭҚ таратушы антенналарын тұрғын үйлердің, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың шатырларына орналастыруға жол берілмейді. Тұрғын үйлердің, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың шатырларында антенналар деңгейі  шатыр деңгейінен кемінде 5 м. биіктікте орнатылады. Көлденең жазық­тықтағы шеңберлік және секторлық сәулелену РЭҚ антенналарын, сондай-ақ спутниктік байланыс станцияларының антенналарын адамдар болуға арналған ғимараттардың (өндірістік, тұрғын үй және қоғамдық ғима­раттар) шатырында, мынадай шарттар сақ­талған жағдайда, орналастыруға жол беріледі:

1) жоғарғы қабаттың темір-бетон жабынының болуы;

2) металл шатырдың болуы;

3) техникалық қабаттың болуы.

Көлденең жазықтықтағы шеңберлік сәулеленудің РЭҚ антенналары — терезелері, балкондары, лоджиялары бар тұрғын үйдің және қоғамдық ғимараттардың қабыр­ғаларына  орнатылмайды.

Таратқыштарының қуаттылығы 25 Вт аспайтын бағытталған сәулеленудің РЭҚ антенналарын ғимараттардың ең жоғарғы қабатының негізгі қабырғаларына (кір­піштен, темірбетоннан орындалған) ғана орналастыруға жол беріледі. Ғимараттар мен құрылыстардың ішіне осыған арналған арнайы ішкі антенна­ларды тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының келісімі бойынша орнатуға жол беріледі.

СҚА шекаралары жер бетінен 2 м. биік­тікте белгіленеді. Объектіні пайдалануға қабылдау кезінде СҚА, ҚША және БҚА шекаралары электромагниттік өріс деңгейлерін құрал-саймандық өлшеулер жүргізілгеннен кейін нақтыланады.

Биологиялық қауіпті аймақ (БҚА) шекаралары тек айналма сәулеленудің жеке антенналары немесе бағытталған антенналары үшін ғана есептелінеді. Бір алаңда (мачтада, тіректе) айналма сәулеленудің көптеген антенналарын орнату кезінде немесе жеке антеннаға жақын жерге болашақта басқа антенналарды орнату кезінде СҚА және ҚША шекаралары белгіленуі тиіс.

СҚА, ҚША-ны селитебті аумақ ретінде, тұраққа арналған алаңдарды және көліктің барлық түрлерінің аялдамаларын, автомо­бильге қызмет көрсететін объектілерді, май құю станцияларын, мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларын орналастыру үшін, өнеркәсіптік алаңды кеңейту үшін, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелеріне пайдалануға жол берілмейді.

РЭҚ жұмыс істеу  жағдайларына қойы­латын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, ЭМӨ деңгейін бақылаудың құрал-саймандық әдісі кезінде мемлекеттік тексеруден өткен және тиісті куәлігі (сер­тификат) бар өлшеу құралдары пайдаланы­лады. РЭҚ тудыратын электромагниттік өрістердің адамға жағымсыз әсерінің алдын алу — қызметкерлерді ЭМӨ-нің жағымсыз әсерінен қорғауды қамтамасыз ету ұйым­дастыру, инженерлік-техникалық және профилактикалық іс-шараларды жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

РТО орналастырудың барлық жағдай­ларында оның иесі қоғамдық және өндірістік ғимараттарды жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалану сатысында ЭМӨ-ден қор­ғаудың әр  түрлі әдістерін (белсенді емес және белсенді) қолдану мүмкіндігін қарастырады. Радиожиіліктердің ЭМӨ шағылдыратын экрандар металл табақтардан, торлардан, өткізгіш үлдірлерден, микросым­дары бар арқаулардан, синтетикалық талшықтар негізіндегі металл арқаулардан немесе электр өткізгіштігі жоғары кез-келген басқа да материалдардан жасалады. Экрандар жер­лендіріледі. РЭҚ-тың антенна жабдығына қызмет көрсетуге тікелей байланысты емес адамдардың таратушы антенналар орналасқан жерлерге кіруіне шектеу қойылады.

Халық үшін ЭМӨ деңгейі РШД-ден асатын және РТО-ға қызмет көрсетуге тікелей бай­ланысты емес адамдардың кіруі мүмкін ау­мақтар (шатырлардың учаскелері) қоршалады және ескерту белгілерімен белгіленеді. Осы учаскелерде қандай да бір жұмыс жүргізу кезінде РТО таратқыштары ажыратылады.

Тұрғын үй құрылысының іргелес аума­ғындағы ЭМӨ деңгейлері  Санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келмейтін РЭҚ-ты пайдалануға жол берілмейді.

Сіздерді ойларыңыздағы көкейтесті сұ­рақтарға жауап алды деп ойлаймын.  Егер тағы  да сұрақтар туындаған жағдайда,  мына тө­мендегі көрсетілген нөмірге телефон шалу­ларыңызға болады.   3858716.

Жомарт Дүйсебаев,

Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы,

санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы.