Алматыда №77 автобустың бағыты қайта ашылды

Қала тұрғындарының өтініші бойынша Алматыда №77  бағыттағы қоғамдық көліктің қызметі қайта жанданды. «ЛиАЗ» маркалы жаңа автобустар «Алматы-1» теміржол бекетінен Осипенко-Жансүгіров көшелерін, Рысқұлов  даңғылын, Кудерин-Розыбакиев көшелері мен әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп өтпек. Бағыттың соңғы аялдамасы «Арман» автобекеті болмақ.

Бұл бағытқа қызмет көр­сету үшін «Алматы­электро­транс» ЖШС «Евро-5» эколо­гиялық стандарттағы төмен еденді 16 жаңа автобустарды бөлген екен. Қо­ғамдық кө­ліктің барлығы кон­диционер, пандус және бейне­бақылау камералары­мен жабдық­тал­ған.

Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қармасының басшысы Мақсұт Исаховтың айтуынша, аталған бағыт бойынша тәулігіне 10 мың адам қатынайды екен.

Жалпы, қазан айының соңын­да Алатау  ауданының тұрғын­дарын тасымалдайтын №103  бағыт бойынша жаңа 20 ав­тобус жолға шықты. Бұдан өзге, «Green bus company» ЖШС 50 ав­тобус сатып алса, «АвтоАлма­Транс» ЖШС №65 бағыты бойынша жаңа автобустарды шығар­ды.

Биыл Алматыда 388 ав­тобусты сатып алуға қаржы бөлінді. Со­ның 132-сі түрлі бағыттар бойын­ша қызмет көрсетуде. Қалған 256-сы жыл аяғына дейін жолға шы­ғады.

Н.АСЫЛ.