ТЕННИС ХАНШАЙЫМЫНЫҢ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Қазақстан үлкен теннисінің жұлдызы Зарина Диас Алматыда өз жанкүйерлерімен кездесті

%d0%b3%d0%bb%d0%b0%d0%b2%d0%bd%d0%b0%d1%8f-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%ba%d0%b0

Нұрлан СҮЙІН

Оңтүстік астанадағы «ЦСКА» теннис орталығында өткен кездесуде әлемнің 66-ракеткасы, қазақстандық Зарина Диас 4–16 жас аралығындағы балаларға шеберлік сабағын өткізді. Қазақстандық теннис жұлдызы кезде­суге келген 100-ге жуық жас теннисші­лердің барлығымен дерлік ойнап, теннис ракеткасын қалай дұрыс ұстауды көрсетті.

– Өзіміздің балалармен кездес­кеніме өте қуаныштымын. Олардың тенниске қызығушылығы зор екен. Қазақстанда үлкен теннис өте қарқынды дамуда, мен біздің елден талай чем­пиондардың шығатынына сенімдімін, – дейді Зарина.

Шеберлік сабағынан соң З.Диас жан­күйерлерге қолтаңба беріп, олар­мен бірге суретке түсіп, өзінің спорт­тағы жоспарларымен бөлісті.

dsc_8016

– Биылғы маусым мен үшін сәтті өтті деуге болатын шығар. Мен алған жарақатымнан айығып, жарыстарға қатысып, әлемдік ТОП-100 рейтингіне қайта оралдым. Келесі жылы әлемнің 20 үздік теннисшілерінің қатарынан көрін­гім келеді. Және Қазақстан құра­масы сапында Федерация Кубогына қатысуды жоспарлап жүрмін, – дейді Әлемнің 66-ракеткасы Зарина Диас.

Еске сала кетсек, қазақстандық теннисші қыз З.Диас шет елде тұрады. Зарина биыл Наньнин және Манчестер қалаларында екі ІTF турнирін жеңіп алды. Қыркүйек айында Жапонияда WTA санатындағы турнирде өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Зарина Диас бүгінгі таңда Қазақстан атынан халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүрген теннисші қыз.