СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КЕЗДЕССЕҢІЗ…

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­тық университетінің «Керемет» жастар ресурс­тық орталығының «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық қабылдау ашылды. Кез-келген азамат мемле­кеттік билік орган­­дары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауа­зымды тұл­ғалары тарапынан жем­қорлық дерек­теріне тап болса, сондай-ақ, мемлекет­тік қызмет көрсетуді, соның ішінде құжаттарды рәсімдеу кезінде лауазым­ды тұлғалар тарапы­нан созу фактілері бойынша әль-Фараби атын­дағы ҚазҰУ «Қоғамдық қабылдауына» жүгінсеңіз болады.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттар пайда болған жағдайда және олар қабылдау комис­сиясына жолданғанда «Қоғамдық бақылау» тарапынан өтініштер қабыл­данып, қажетті кеңес беріліп,  ақпарат құқық қорғау органдарына жіберіледі. Бұл жолдаудың орындалуына «Қоғам­дық бақылау» қызметкерлері жауапты болып, шағымданған әрбір азаматқа қолдау көрсетіледі.

Тек бірлесе отырып, әрі халықтың араласуы арқылы сыбайлас жемқор­лық дертінен толықтай арыла аламыз. Сондай-ақ, ақпарат көздері мен оны жіберген азаматтардың аты-жөні құпия түрде сақталынады. Уақыттары тапшы азаматтар арыздарын элек­трон­ды түрде жөнелте алады. Ол үшін хаттарды жеке қауіпсіздік бөлімше­сінің obshestvo. prіem@gmaіl.com. электрондық мекен-жайына жолдау­ла­ры­ңызды сұраймыз.

Мекен- жайымыз: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71,  ГУК 3, байланыс телефондары: +77078078688, +77074630570, 8(727)221-12-55.