САЛАУАТТЫ САЛАДА ӨМІР ДЕ САЛАУАТТЫ

Алматытелекомда  «Алтын күз» cпартакиадасы өтті

img_5010

Нұрлан СҮЙІН                                

Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру – ел ертеңіне қажетті бағдарламалы бағыт. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында ел халқының спортты серік етуін 30 пайызға жеткізу керектігі жөнінде айтқан болатын. Бүгінде елдің спорттық астанасына айналған Ал­матыда салауатты өмір салтын қалыптас­тыру жолға қойылған. Оңтүстік астанада бұқаралық спортты дамытуға бөлінген қаржы 20 есе көбейтіліп, «Спорттық Ал­маты» бағдарламасы жасалған. Салауатты­лық бағдарламасына мегополистегі барлық сала мекемелері атсалысуда.

«Алматытелеком» Өңірлік телеком­муникация дирекциясында  жыл сайын  жазғы, күзгі, қысқы спартакиадаларды өткізу игі дәстүрге айналған. Салауат­тылық іс-шарасының негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ден­саулықты нығайту, қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа тарту,  қызмет­кер­лердің белсенді демалысын ұйым­дастыру.

Бұқаралық спортты дамыту, қызмет­керлердің белсенділігін арттыру, са­лауатты өмір салтын насихаттауға бағыт­талған биылғы спартакиаданың басты ерекшелігі – екі қалада Алматы мен Талдықорғанда  қатар өтуі болды. «Алтын күз»  спартакиадасының мегополистегі сайыс­тарына Алматы қала­сында орна­ласқан құрылымдық бөлімше қызмет­керлері мен  «Алматы өңірі» жергілік­ті же­лілерге техникалық күтім жасау орталы­ғының қызметкерлері қатысты.

Ал Талдықорғанда өткен спартакиадада облыс орталығында орналасқан құрылым­дық бөлімше қызметкерлері мен «Талды­қорған және Талдықорған өңірі» жергілікті желі­лерге техникалық күтім жасау орталығының қызметкерлері додаға түсті.

Байланысшылар ең жүйрік, мерген және епті атағына ие болу үшін мини-футбол, во­лейбол, баскетбол, қазақша күрес, армрест­линг, шахмат, дойбы, дене көтеру, жүгіру, қа­шықтыққа секіру және т.б. спорт түрлерінен өзара сынға түсті.

Мини-футбол жарысына Алматы қа­ласы мен  облыстың  12 командасы белсене қатыс­ты. Алматы қаласы бойынша жеңім­паз атағына «Алматытелеком» ӨТД Желі­лік ресурстары техникалық қолдау орта­лығының командасы ие болды. Олар финалда қарсы­ластары Жамбыл ауданы желілік-техникалық цехы командасынан басым болды. Ал үшінші орынды Энер­гетика және климатехника орталығының футбол командасы иеленді.

Талдықорғанда жүлделі орындар келе­сі­дей топтастырылды: бірінші орынды Желі­лік ресурстары техникалық қолдау орталы­ғының командасы жеңіп алды, екінші орын – жабдықтарды техникалық қолдау учас­кесіне бұйырып, үшінші орынға  Текелі-Ескелді ЖТО командасы ие болды.

Айтарлықтай тартысты бәсекені байла­нысшылар армреслинг жарысында көрсеткен болатын.  Алматыда ерлер арасында бірінші орынды Қарасай ЖТО жетекші инженері Сергей Ибраимов ие­ленсе, екінші орында Балқаш ЖТО қыз­меткері Дамир Қабылұлы  болды,  ал үшін­ші орынды Талғат ЖТО инженері Ержан Жамабаев жеңіп алды.  Ал Талдықорған қаласында дәл осы жарыс түрінен бірінші орын  Расул Қайратбековке бұйырса, екінші орынға Берік Тоғызбасов ие болды және үшінші орынды Жандом Мұсабеков өз қанжығасына байлады.

Әйелдер арасында денені көтеру жарысы бойынша Қапшағай ЖТО инже­нері Толғанай Мұхаметқанапия жеңімпаз атанды. Екінші орынды Телекоммуникация желілерін дамыту бөлімінің жетекші инженері Надежда Смирнова иеленсе, үшінші орынға  Іле ЖТО қызметкері Әсем Қастекова қол жеткізді.

«Алматытелекомдықтар»  шахматтан да жарысқа түсті. Шахмат жарысына ерлер­мен қатар әйелдер де қатысты. Нәтиже­сінде жүлделі орындар келесідей болды: ерлер арасында бірінші орында  Олжас Башқұлов, екінші орынды өзара Сергей Демлов пен Берік Құдайбергенов бөліссе, үшінші орын жүлдесі Болат Омаров пен Манголхан Ха­уанға бұйырды. Әйелдер арасында жеңіпаз­дар тұғыры келесідей бөлінді: бірінші орын Жылжы­майтын мүлікті басқару секторының бастығы Эльвира Ормахаеваға, екінші және үшінші орындар Желілік ресурстары техникалық қолдау орталығының инженер­лері Назира Торпақова мен Айгүл Тиржа­новаға берілді.

Жарыс қорытындасы бойынша жүлделі орындар алған үздік қызметкерлер мен тур­нирдің жеңімпаз  командаларына  грамота­лар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі.   «Алматытелеком» ӨТД қызметкер­ле­рі үшін «Алтын күз»  спартакиадасы  игі дәстүрге айналған.  Себебі, Алматыдай са­лауатты өңірдің бас байланысшы­ларының қызметі де, өмірі де салауатты.