КОНЬКИ ТЕБЕТІН КЕЗ КЕЛДІ

«Медеу» қонақтары конькимен сырғанауды тегін үйрене алады

%d0%b0%d1%84%d0%b8%d1%88%d0%b0-%d0%ba%d0%b0%d0%b7

Қазанның 29-ы  күні «Медеу»  мұз айдынында  «Спорттық Алматы» бағ­дар­ламасы аясында өтетін конькимен сырғанауды үйрету сабақтары баста­лады.

Тәжірибелі жаттықтырушылар  «Медеу» мұз айдынының  қонақтарын сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін аптаның әр жексенбі күні  тегін үйретуге дайын. Сонымен қатар, коньки тебу­шілерге акцияны ұйымдастырушылар көптеген сыйлықтар ойнатылып, концерттік бағдарламалар өткізілетінін хабарлайды.

Айта кетер жайт,  билеттер мен конькиді жалға алу «Медеу» мұз ай­дынының прейскурантына сәйкес беріледі. Конькимен сырғанауды  ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқсанның 24-не дейін жалғасып, келесі жылдың қаңтар айында қайта іске қосылады.

Спорттық шараның  басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына осы жылдың  25 ақпанында қосылған болатын.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

«Ақшам-ақпарат».