Ақтөбелік аграрилар жәрмеңкеге шақырады

Бүгін Алматыда Ақтөбе облысы ауылша­руашылық өнімдерін өндіру­шілерінің кеңей­тілген жәрмеңкесі өтеді.

Ақтөбе қаласы мен облыстың 12 ауда­нының фермерлері 150 тоннадан астам экологиялық таза да сапалы түрлі азық-түлік өнімдерін алматылықтарға ұсынады. Кеңейтілген жәрмеңкеге Алматы қаласының да тамақ өндірісінің 40 мекемесі қатысады.

Жәрмеңкеге азық-түліктің 40-тан астам атауы шығарылмақ: 57,5 тонна ет және балық өнімдері (сиыр, қой, жылқы еті, қазы, қоян, шошқа еті, ақбалық пен сазан), 32 тонна көкөніс (15 тонна сәбіз, 5,5 тонна картоп), 12,5 тонна сүт өнім­дері (ешкі сүті, қымыз, шұбат, сүзбе), басқа да азық-түлік. Жәрмеңкеге барлы­ғы 83 млн. теңгенің ауылшаруашылық өнімдері шығарылады.

Жәрмеңкеге шығарылған өнімдердің бағасы да алматылықтардың көңілінен шығуы тиіс. Мысалы, картоптың килосы 110 теңге, сиыр еті 1300 теңгеден болса, тауық жұмыртқасы 22 теңгеден болады. Кейбір тауардың бағасы 20–25 пайызға арзан болмақ.

Оңтүстік астанадағы кеңейтілген жәрмең­келер Алматы қаласының азық-түлік белдеуін дамыту және азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өткі­зіледі. Сонымен қатар, мегаполисте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарас­тырылған.

Кеңейтілген ауылшаруашылық жәр­мең­кесі өтетін жер:

Алматы қаласы, Шевченко көшесі (Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейін).

Ашылу уақыты таңғы сағат: 9.00.

 

«Ақшам-ақпарат».