АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР ВЯЧЕСЛАВ ЮРЬЕВИЧ БАНЩИКОВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

screenshot_20171024-160336

Мен, Вячеслав Юрьевич Банщиков, 1985 жылғы 14 мамырда Алматы қала­сында туылдым. Қазақстан Респуб­ли­касының азама­тымын. Білімім жо­ға­ры. Үйлен­генмін. Үш бала тәрбиелеп отырмын.

Өзімнің еңбек жолындағы қызме­тімді 2003 жылы құрылыста қарапайым жұмысшы болып бастадым; 2005 жылы «СюжИнстрой» ЖШС заңгерінің көмекшісі болдым; 2007 жылы Қазақ-Америка универси­тетін Юриспруден­ция мамандығы бойынша тәмамдадым;  2011–2013 жылдардан бастап «GoodwayLogіstіcs» ЖШС директоры;  2011–2014 жыл­дардан бастап  – «Конфорс» ЖШС дирек­торы;   2011–2016 жылдардан бастап  – «Юником Бизнес Групп» ЖШС директоры;  2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Автолюкс-Автосервис» ЖШС директорымын;  2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Есік Жолдары» ЖШС-ның құрылтайшысымын.

 

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Еліміздің әрі қарай дамуы біздің өмірдегі жағдайларды жақсарту үшін қабылдайтын кешенді шаралар мен әре­кеттерге тікелей тәуелді. «Нұр Отан» пар­тиясынан қалалық мәслихатқа үміт­кер ретінде, мен сайланған жағдайда барлық жауапкершілігіммен тұрғындар­дың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге толық дайын екендігімді мәлім­деймін.

Қазіргі заманның сын-тегеуріндері жағдайында біз жаңа құралдарды жергілікті, сондай-ақ республикалық деңгейлерде әлеуметтік және экономи­калық бағдарламаларды іске асыру үшін пайдалануымыз қажет.

Заманауи кезеңнің саясаты мәселе­лерді шешу үшін жаңа жас кәсіби кадр­лар­ды, жаңа тәсілді, сонымен қатар жаңа сананы талап етеді. Өскелең ұрпақ­тың әл-ауқатты болашағы біздің Сіздермен бірге қазіргі уақыттың сын-тегеуріндеріне қалай жауап беретінімізге байланысты. Алматының мен үшін, қала тұрғыны ретінде маңызы өте зор. Мен үшін басты басымдық – біздің шаһа­рымыздың жан-жақты дамуы болып табылады.

Жұмыспен қамту мен қоғамның тұрақ­ты дамуы бізді ортақ жеңіске сөзсіз алып келетініне шынайы сенемін. Біздің әрқайсымыз мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосудамыз. Біз әртүрліміз, бірақ өміріміздің сапасын жақсарту барысында  біргеміз.

Мен осы жауапты орынға сайланған жағдайда, келесі мәселелерді көтеруге және олардың шешілуіне қол жеткізуге міндеттенемін:

– округымыздың инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды жөндеу, аулаларды абаттандыру, балалар алаңдарын жарақ­тандыру;

– оқушылар мен халықтың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін көшелер мен тұйық көшелерді, мектепке баратын жолдарды қосымша жарықтан­дыру;

– шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

– бірінші қажетті тауарлар бағалары­ның өсуіне депутаттық бақылау;

– округты көріктендіруге бюджеттен бөлінген қаражатқа қоғамдық бақылау орнату;

– спорт секцияларының қолжетім­ділігін қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау;

– қала экологиясын жақсарту, қоқысты шығару және қайта өңдеу, жасыл желектерді отырғызу;

– қалалық  қоғамдық  көлік  жұмы­сы­ның сапасы, жолақысы;

– бұқаралық тегін спортты  дамыту үшін мәдени демалыс паркін ашу.

Сіздердің  сенімдеріңіз – менің  қоғам­­ның игілігі үшін жұмыс жасауыма  стимул болады.

Мен өз бағдарламамды біртіндеп орындайтын боламын және ауданымыз­дың, қаламыздың дамуына және тұрғын­дардың әл-ауқаты үшін мүмкіндіктің барлығын жасаймын. Мен қойылған міндеттерді іске асыру үшін өзімнің барлық білімім мен тәжірибемді жұмсай­мын деп сендіремін!