АЛМАТЫНЫҢ «ЖАС БАРЫСТАРЫ» АНЫҚТАЛДЫ

Қазақ күресінен өткен қалалық турнирге 14–19 жас аралығындағы палуандар қатысты

img_3233

Алматыда Қазақ күресінен дәстүрге айналған «Жас Барыс»  турнирінде 242 жас палуан боз кілемге шығып, жеңімпаздар анықталды.

Алып шаһардың сегіз ауданының палуан­дары бақ сынаған боз кілем бәсе­кесі ҚазҰУ-нің спорт кешенінде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақ күресі халықаралық федерация­сының  ережесіне сәйкес өткізілді.

Екі кезеңге бөлінген жарысқа Алматы­ның сегіз ауданынан келген  14–19  жас аралығындағы палуандар қатысты. Жеңімпаздармен жүлдегерлер медалдар және дипломдармен марапатталды.

Бірінші орынға ие болған палуандар­дың тізімі келесідей: Е.Мәмлемғазы (42 кг.), Айбек Айсары (46 кг.), Ролан Кабаев (51 кг.), Азамат Мұxтарxан (55 кг.), Олжас Оразұлы (57 кг.), Жандос Ескендір (60 кг.), Еркін Кемпірбай (64 кг.), Ғалымжан Тойбаев (66 кг.), Оңалбай Жұмаділда (71 кг.), А.Сапарбаев (73 кг.), Нұрдаулет Каукенов (+73 кг.), Лесбек Таджа (81 кг.), Асқар Әлібек (+81 кг.), Марат Кеңес (82 кг.), Әкім Дәулет (100 кг.), Нұрай Қуантай (+100 кг.).

– Мен бүгін 66 келі салмақта белдесіп, үшінші орынға ие болып отырмын. Жеңім­паз атанғым келген, алайда қарсыласым мықты болып шықты. Енді алда басқа да жарыстар күтіп тұр, дайындалып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Екі жылдың ішінде көптеген жарыстарға барып үлгер­дім.  Чемпион болу үшін дайындықты жалғастыру керек, – дейді «Жас Барыс» турнирінің қола жүлдегері Алмат Нұрмаш.

Айта кетер жәйт, жалпы, бұл жарыста 48 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Турнир Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен қазақ күресін жастар мен жасөспірімдер арасында белсенді түрде насихаттау және спортшылардың деңгейлерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

 

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

Алматы қаласы ДШжС басқармасының қызметкері.