АЛАТАУДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР СПАРТАКИАДАСЫ

img_6501

«Алғабас-6» ықшамауданындағы  стадионда 4 қазанда Алатау  ауданы  Арда­герлер  ұйымының  қарттар  күніне  арналған аудандық  спартакиадасы  өтті. Спар­такиадаға  аудандағы  28 бастауыш ұйымның өкілдері жеке  команда  болып  қатыс­ты.

Күннің  көзі  тұманданып  тұрғанына  қарамастан спартакиадаға  ықшамаудан  командалары  арнайы  спорттық киім­дермен,  өз  командалары аттарын жаз­ған  жарнамаларымен сапқа тұрды. Спар­такиаданы  жүргізуші  Әлібек  Сол­танбековтың  хабарлауымен команда  капи­тандарының қатысуымен  көк  туы­мыз көтеріліп, әнұран шырқалды. Аудан­дық  ардагерлер  ұйымының  төр­ағасы  Қ.Қабдолдин аудандық арда­герлер  спартакиадасын  ашық  деп  жариялады.

Әр спорт  түріне №182 және  №169 мектептің  дене шынықтыру мұғалімдері төрелік етті. Стадиондағы  жарыс  өттетін орындарды  белгілеп, өлшеп керекті столдар, орындықтар, скакалка, доптармен  қамтамасыз етіп, стадион­дағы  тәртіпті  қадағалаған   №182 мек­тептің  директоры Әсет Нұрғазы  мыр­заға алғыс білдіре кету  артық болмас. №29 емхана дәрігер  қызметкерлері де жаңбырдың  астында  спортшы  қария­лармен бірдей араласып  денсаулық­тарына  көңіл бөлуге тырысты.  Спарта­киада  басталысымен  себелеп  жауған  жауын  бір  толастамай тоқтаусыз сіркі­реп жауып  тұрғанына  қарамай  қария­лар жарыстар  біткенше  төзімділік  көрсетті. Жарыстың  өнбойына  ұлттық  ән-күй  үзбей  беріліп, жарысқа  қаты­сушылар мен көрермендерді  сергітіп  отырды. Жарыс  аяқталысымен жарыс­ты  ұйымдастыру  комиссиясы мен төре­шілер  тиісті құжаттармен  сыйлық­тарды  ретке  келтіргенше спортшы  қариялар мен  көрермендер ұлттық нақыштағы музыкаға  би  билеп, әндер шырқап,  өнерлерін  көрсетті. Аталған  жарыс  түрлері  бойынша  жеңімпаздар анықталды. Жүгіруден жеңімпаздар жас  ерекшеліктеріне  қарай  ерлер, әйелдер арасынан екі топтан анықталды. Ерлер  200 метр – 70-ке дейінгі  жастағы зейнеткерлерден 1-орын С.Жендібаев («Шаңырақ-2»), 2-орын Т.Нүсіпов («Көкқайнар»), 3-орын Б.Тұрсынтай («Шаңырақ-1»). Ерлер 200 м. 70-жастан жоғарғылардан  1-орын Б.Баймолдаев («Шаңырақ-2»), екінші орын  Б.Жұ­мабаев  («Шаңырақ-1»),  үшінші орын  А.Масимов («Алғабас»  ауылы). Әйелдер 70-жасқа дейінгілер  100 м. жүгіруден  1-орын  Қ.Таңатарова, 2-орын Аукеева (14 аумақ), 3-орын З.Әділбекова («Дархан» ықшамауданы). Әйелдер – 70-жастан  жоғарғылар  100 м.  жүгіруден 1-орын  Ж.Наушабекова «Қарасу» ықшамауданы, 2-орын А.Ка­рим­құлова «Алғабас-6» ықшамауданы, 3-орын Р.Әбілдаева («Дархан» ықшам­ауданы). Бір орнында  тұрып секіруден ерлер арасында  1-орын Т.Нүсіпов («Көкқайнар» ықшамауданы), 2-орын С.Желдібаев («Шаңырақ-2»), 3-орын Б.Тұрсынтай («Шаңырақ-1»). Бір орнында  тұрып секіруден  әйелдер ара­сында  1-орын Қ.Таңатарова (14-аумақ), 2-орын  Ұ.Аукеева («Әйгерім» ықшам­ауданы), 3-орын Г.Сандыбаева («Әйге­рім-2»). Жіппен  секіру 1-орын Смайы­лова («Шаңырақ-1»), екінші орын Г.Сандыбаева («Әйгерім-2»), үшінші орын Қайықбаева  («Алғабас» ықшам­ауданы). Доп  лақтырудан  ерлер 1-орын С.Рысбаев («Парасат»  ықшамауданы), 2-орын С.Желдібаев («Шаңырақ-2»), үшінші орын Ж.Шыңғысбаев («Құры­лысшы» ықшамауданы). Доп  лақтыру­дан  әйелдерден 1-орын Б.Темірханова («Парасат» ықшамауданы), 2-орын Б.Әміреева («Турдовик» ықшамауданы), 3-орын Ұ.Аукеева («Әйгерім» ықшам­ауданы) иеленді. Жалпы командалық есеп  бойынша, бірінші  орынды «Шаңы­рақ-2» ықшам­ау­даны иеленіп,  аудан спартакиада­сы­ның чемпионы атанды. Жүлделі  екін­ші  орынды  «Парасат» бастауыш  ұйы­мы еншіледі. Үшінші  орынды «14 аумақ» бастауыш ардагерлер ұйымы  иеленді.

Аудандық  ардагерлер ұйымы  төр­аға­сы  Қ.Қабдолдин қорытынды  сөзін­де  жауын-шашын  жағдайын  еле­мей,  спартакиада  жұмысына  белсене ара­ласқан барлық  зейнеткерге, бастауыш  ардагерлер  ұйымына,  оның  төрағала­рына  алғысын білдірді.

 

Мәли  ЖАПАҚҰЛЫ,

«Алғабас-6» ықшамауданы ақсақалдары бастауыш

ұйымы төрағасы.