ӘЛЕМ ЭКОНОМИСТЕРІ БАС ҚОСТЫ

KІOGE мұнай-газ көрмесі

Алматыда KІOGE атты XXV халықаралық мұнай-газ көрмесі өтті. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі мен басқаларының қолдауымен өткізілген көрмеге әлемнің 25 елінен 250 компания қатысты.

Конференцияның аясында Қазақстанның мұнай-газ саласының аты аңызға айналған тұлғаларының қатысуымен сессия өтті. Көрменің қатысушыларын өндірістегі қауіпсіздікке қатысты техникалық жағдайларға және ТШО, КПО, НКОК ірі операторларының жұмысының құпияларына, кадрларды дайындаудың және нысандардың күйін бағалау мәселелеріне арналған толық бағдарлама, семинарлар күтеді.  Қазақстанның мұнай саласының негізгі ойыншыларынан жаттықтыру сабақтары өткізілді. Теңізшевройл компаниясы қатысушыларға Болашақ кеңеюдің жобасында – сағалық қысымдарды басқару жобасында (БКЖ-СҚБЖ) біліктілік алдындағы үдеріс жөніндегі ақпаратқа шолу жасады. KІOGE 2017 ұйымдастырушылары – Қазақстандық Іteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ІTE (Ұлыбритания) компаниясының тобы.

KІOGE көрмесі мен конференциясы осы жылы мұнайға бағалардың төмендігі кезінде бірінші кезекте компанияның қызметіне, инвестицияларды тартуға, сонымен қатар, мұнайды өңдеудің тиімділігін арттыруға қатысты көптеген маңызды тақырыптарды қамтыды. Шара барысында 10-нан аса бағыттарға бөлінген проблемалар, соның ішінде  геология, барлау, қайта өңдеу, сервистік және консалтингтік қызметтерді көрсету мәселелері қарастырылды. KІOGE көрмесінің павильондарында серіктестер мен экспоненттердің қатысуымен таныстыру рәсімдері мен медиа іс-шаралары қарастырылды. Мұнай-газ нарығы өкілдерінің пікірталастары осы сектордың маңызды міндеттерін шешу және оның ары қарай дамуы үшін нақты қадаммен анықталды.

ҚР мұнай-газ секторының негізгі көрсеткіштерінің шолуы, ірі мұнай-газ жобаларының қаралуының мәселелері және мұнай мен газды жеткізудің бағыттарын кеңейту де конференцияның бағдарламасына кіреді. Тағы бір өзекті тақырып – көмірсутектерді тасымалдау мен сақтау саласында инновациялық техноло­гиялардың дамуы. Қазақстан көмірсутекті жабдықтау жөніндегі ғаламдық қауымдастықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Мұнай құбырлары, темір жолдар немесе теңіз арқылы оларды тасымалдауға байланысты республиканың ірі жобалары Қазақстанға «Шығыс-Батыс» жеткізу тізбегінде сенімді орынды қамтамасыз етеді.

KІOGE-та Каспий аймағында мұнай мен газ саласын дамыту, өзекті мәселелерді бірлесіп шешу, мұнай мен газ өндіруде озық тәжірибені пайдалану және басқа да көкейтесті мәселелер жан- жақты сөз болады. Каспий аймағының және Қазақстан индустриясының даму барысы көпшілік талқысына ұсынылды.

Көрмемен қатар конференцияның өтуі – осы саладағы басты тенденцияларды анықтаудың, Қазақстан рыногының перспективасының жаңа қырларын ашудың, болашаққа даңғыл жол салудың өзекті бағыты болды.

Көрме-конференция мұнай-газ нарығындағы небір жағдайды талдап, талқылайтын келісті пікірсайыс алаңы ғана емес, жаңа жабдықтар мен озық технологиялар жетістіктерін көрсететін интерактивті алаң ретінде халықаралық мұнай бизнесінде өз тиімділігін дәлелдеп берді.

Салтанат ҚАЖЫКЕН.