ТЕГІН ЕШТЕҢЕ БОЛМАЙДЫ ДЕСЕК ТЕ

Мына қалалардың тәжірибесі назар аудартпай қоймайды

%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%bb%d0%b8%d0%bd

Эстонияның астанасы Таллин шаһарында 2013 жылы тегін қоғамдық көлік енгізілген көрінеді. Қала басшы­сы Э.Сависаар қоғамдық ортаға осындай ұсыныс тастағанда оның мүмкін емес екенін айтып, күдік келтірушілер де табылды. Дегенмен де жергілікті билік өкілдері қоғамдық көлік бар шығыннан азат етіледі, есесіне жыл сайын 20 мил­лион еуро пайда табамыз. Сондықтын ол өзін-өзі ақтайды деп өздеріне сенімді екендіктерін білдірді.

Шаһардағы қоғамдық көліктерді тегін пайдалану үшін осы қаланың заң­ды түрде тіркеуі бар тұрғыны болуың керек. Демек, билік осыны негіз ете отырып, әр тұрғынның жылдық тапқан-таянғанынан 1000 еуро алып отырады. Тұрғындар тек қана тегін жүруге құқық беретін «жасыл картаға» 2 еуро төлейді. Жоба іске қосылғалы бері бұрынғы халық санын тағы да 25 мыңдай тұрғын толықтырған. Бұл жаңа жүйеге қала халқы бір жылдың ішінде үйренісіп кеткен. Арада үш жылдай уақыт өткен соң бұл тәжірибе өзге де шаһарларды қызықтырған. Мәселен, Қытайдың Шенду шаһары мен Бухарест билігі де оған қызығушылық танытып, оның соңы тәжірибе алмасуға ұласқан. Тіпті, 14 миллион тұрғыны бар Шенду қаласы үшін де бұл тиімді болып отыр. Оның бір пайдасы қоғамдық көлікті бұрын­ғыдан да көп пайдалану жүзеге асады. Бұл өз кезегінде жекеменшік автокөлік­тердің жүруін азайтып, кептеліс пен жолдағы тәртіпсіздіктерді азайтуға кең өріс ашып отыр. Тұрғындардың қалта­сына да тиімді.

Әрине, Таллин Алматы мен Шанхай емес, шағын қала. Сондықтан мұнда қоғамдық көлікпен көздеген жеріңізге небәрі 15 минутте жетіп баруға болады. Дегенмен, бұл тәсіл таллиндіктердің 90 па­йызының көңілінен шығып отыр. Қоғамдық көлікті пайдаланушылардың саны сегіз пайызға артқан. Дегенмен де өз көлігімен жүретіндер де азаймай отыр. Зерттеушілердің айтуынша, бұл да уақытша процесс көрінеді. Жеке көлікпен жүрушілер үшін автотұрақ бағасы басқа да алымдарды өсірсе бұл мәселе де өзінен-өзі шешілетін көрінеді. Ең бастысы, таза, жайлы қала үшін жасалып жатқан бұл талаптардың алдағы уақытта бұдан да тиімді, жоғары нәтиже беретініне шүбә жоқ. Біздің Алматыда да осындай бағыттағы жұ­мыс­тардың қолға алынуы да түбі осын­дай нәтижеге жеткізетініне күмәнда­нудың қажеті бола қоймас. Астанада алдағы уақытта қоғамдық көлікте тегін жүруді коммуналдық төлем негізінде жүзеге асыру жөнінде ел ішінде талқы­лау жүріп жатыр.

Жалпы, дәл осындай тәсіл осыдан 20 жыл бұрын Бельгияның Хасселт қала­сында да қолға алынған екен. Алайда, бұл жоба 2014 жылы тоқтатылып, тек қана 19 жасқа толмағандарға тегін жүру құқы берілген. Жоба 1992 жылы тәжі­ри­беге еніп, жол кептелісі біршама жақсарып, күнделікті жолаушы саны 1000 адамнан 12600-ге өскен. Бұл көрсет­кіш бір жылға шағып есептесек, 9 жылдың ішінде 4,6 миллион жолаушы тасымал­данғанын көрсетті. Тіпті, оның пайдалы болғаны сондай, адамдар өз көліктері мен велосипедтерін тастап, жаппай қоғамдық көлікпен қатынаған. Дейтұр­ған­мен де бұл жобаны ұстап тұру да оңай болған жоқ. Ондағы қоғамдық көлікке салынатын инвестиция көлемі де төрт есеге артқан.

The Guardіan, www.eltіs.org дерек­көз­деріне сүйеніп айтылған мәліметтер осылай сөйлейді.

 

А.ЫРЫС.