КӨП ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН ҚАЙ АУДАН?

%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d1%8b%d0%ba

Алматыда өткен V инвестициялық форум аясында қала әкімінің орынбасары А.Мәдиев мегаполистегі қай ауданның тұрғындары көп жалақы алатынын айтты.

–       Бүгінде Медеу, Бостандық, Алмалы аудандарының тұрғын­дары ең көп табыс табады. Бұл аудандар қаржылық, экономикалық орталық саналады. Мұнда халық орта есеппен 250-270 мың теңге алады. Түрксіб, Жетісу аудандарында орта есеппен 150-170 мың теңге төлейді. Мұнда өндіріс орындары көбірек. Сондықтан қала тұрғындарының сатып алу қабілеті әр түрлі, – деді А.Мәдиев.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкер аталған аудандардағы тауар бағасының қымбаттығын да тілге тиек етті.

–             Біз бағаны бақылап отырамыз. Тауар бағасының үстіндегі 35-40 пайыз саудагердің табатын табысы. Мұнда жол шығыны да кіреді. Тауар бағасы нарық заңдарымен қалыптасады. Бағаны еркіне жіберсе, бүгінгі жанармай мәселесі сияқты жағдай ушығып кетуі мүмкін. Біз нарыққа араласпаймыз, мұның бәрін нарық өзі реттейді. Әкімдік тек бақылап отырады. Кей жерде алыпсатарлықтың белгісі байқалса ғана араласамыз, – деді Алмас Мәдиев.