АРЛАНДАР САЙЫСҚА ТҮСЕДІ

a44f5e2faa1770328fd785b14ea0c76c

14 қазанда, сағат 10.00-де «Алматы Арена» мұз сарайында қазақ күресі бойынша студент-жастар арасында алғаш рет «Арлан­дар сайысы» республикалық ашық турнирі өтеді. Сайысқа Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстан 96 күрескер қаты­сады. «Арландар сайысы» ұлттық спортты жастар арасында насихаттау арқылы патриоттық сезімді дамыту, халықаралық аренада қазақ күресінің беделін жоғарылату, орта және жеңіл салмақты күресшілердің шеберліктерін дамыту мақсатында жүзеге асырылмақ. Республикалық турнирдің ашылу салтана­тында көрермендер назарына қазақ күресінің пайда болу және даму жолын сипаттайтын театрландырылған қойылым ұсыны­лады. Сонымен қатар,  ұлттық намыс пен жігерді оятатын рухты әндерімен көпшілікке кең танымал «Серілер», «Алашұлы» топта­ры, Қажымұрат Шешенқұл сынды әншілер өнер көрсетеді.