АЛМАТЫДА 50 ОЙЫН МЕКЕМЕСІ ЖАБЫЛДЫ

50-%d0%be%d0%b9%d1%8b%d0%bd

Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Консультациялық кеңесінің отырысында айтылды.

–       Экономикалық тергеу қызметінің мәлі­меті бойынша үстіміздегі жылдың басынан бері 50 ойын мекемесі жабылды. Оның ішінде 43 ме­кеме электронды казиномен айналысса, жетеуі ойын аппаратының залы ретінде жұмыс істеп тұрған.  Бұдан өзге 617 компьютерлік техника, 246 теледидар, 117 электронды терми­нал, 21 ойын автоматы мен шамамен 6 млн.теңге ақшалай қаржы алынды, – деді қалалық Мем­лекеттік кірістер департаментінің басшысы Асқар Тынысбеков.

Департамент басшысы бюджетке түсетін салық пен өзге де төлемдердің болжанған көр­сеткішін де баяндады. Оған сәйкес Алматыда 183 754 кәсіпкер жұмыс істейді екен. Оның ішінде 74,9 мыңы заңды тұлға болса, 108,9 мыңы жеке кәсіпкерлер екен.