1001 ЖЫЛ АЛМАТЫҒА – 1001 ТҮП ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК!

Акция аясында Алатау ауданында сенбілік өтті

%d0%b0%d0%b3%d0%b0%d1%88

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев өзінің оңтүстік астанаға жасаған іссапарында Алматы қаласының бастапқы келбетін қалпына келтіру қажеттігін және көгалдандыру жұмыстарын барынша жақсартуды тапсырды.

Бүгінгі күні қаланың тиісті атқару­шы органдарымен бірлесе отырып, қаланы көгалдандыру іс-шаралары тұрақты жүргізілуде. 2017 жылы – 1300 қылқан жапырақты және 9900 жапырақты 11 200 көшет отырғызылды. Осы күзде 16 000 қылқан жапырақты және басқа да көшет түрлерін отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1270 алаңға гүлдер, 4212 жасыл желектер отырғызылды. Жалпы көлемі 11 000 шаршы метрге гүлзар орнатылды.

Алматыны көркейту барлық тұрғын­дарды толғандыратын мәселелердің бірі болып отыр. Өткен жылы шамамен 10 мың ағаш кесілді. Осыған байланысты бұл жұмысты қатаң бақылауға алып, көгалдандырылған аймақтарды және жасыл екпе ағаштарды баптап күту қажеттігі күн тәртібіне қойылды.

«Алматы-2020» бағдарламасы аясын­да және қаланың 1001 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы, бастауыш партия ұйымдары және қала тұрғындарының қолдауымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл же­лек» атты акциясы өтті. Бұл күні қала аумағында 1001 жасыл көшет отырғы­зылып, аулалар мен көшелерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл акция бас­тауыш партия ұйымдарының қатысуы­мен барлық аудандарда нұротандық­тардың бір-біріне ағаш сыйлау эстафетасын жолдау аясында өтті.

dsc_0877

Акция аясында Алатау ауданында 7 қазан күні сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға партияның қалалық және аудандық филиалдарының Саяси кеңес мүшелері, қызметкерлері, Алматы қала­сының мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері, БПҰ, БАҚ өкілдері қатысты. Акцияның ашы­луында  «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбе­кова, Алатау ауданының әкімі, партия­ның аудандық филиалының төрағасы Шах­мер­­ден Рыспаев, қалалық мәслихат депу­таты Фарида Мерхамиткызы сөз сөйлеп, ағаш отырғызды. Олардың бас­тамасын басқа да келушілер жалғас­тырды.

Сенбілік «Алғабас-6» ықшамауда­нында «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының алдында бастау алды.

 

Салтанат АХМЕДЖАНОВА.