ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ЖАҢАРУДЫҢ НЕГІЗІ

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

«Ғылым ордасында» Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факуль­те­тінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарла­малық мақаласына орай «Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілуі: ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың негізі» атты «Дөңгелек үстел» болып өтті. Елбасының тарихи бағдарла­малық мақаласы Қазақстанның әлем­дегі дамыған 30 елдің қатарына қосы­луы мен мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ел болуы үшін руха­ни жаңғыруымызға, ұлттық біре­гейімізді сақтауымызға айқын жол сілтеп отыр. Рухани жаңғыруға нық қадам жасап,  болашаққа сеніммен бет бұруда қолға алған міндеттерді айқын саралап берді. Олардың арасында таяу жылдары жүзеге асыруға кірісетін нақтылы жобаның бірі — қазақ жа­зуын латын әрпіне көшіру мәселесі. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы техноло­гиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекше­ліктеріне байланысты» — деп көрсете келе, қазақ әліпбиінің жаңа графи­кадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау, алдағы екі жылда ұйым­дастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізуді жүктеді. «Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілуі: ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың негіздері» атты «Дөңгелек үстелде» Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Қабылдинов «Латын әліпбиіне өтудің тиімділігі», Қазақ­стан Республикасы Президенті архи­вінің директоры, техника ғылымдары­ның докторы Б.Жапаров «ҚР Пре­зиденті архивіндегі латын әліпбиіне қатысты тарихи құжаттар», М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер инсти­тутының директоры, ҚР ҰҒА акаде­мигі У.Қалижанов «Назарбаев әліпбиі» атты тақырыптарда баяндама жасады. Аталған баяндамалар мен өздерінің ой-пікірін ортаға салған азаматтар  жаһандану үрдісіндегі латын әліпбиінің қолданыс аясының маңызы, оған көшу мен енгізу тәсіл­дері, тарихи тамырлары мен әлемдік тәжірибесі, жаңа әліпбидің мүмкін­дік­тері мен болашағы туралы егжей-тегжейлі әңгіме қозғады. Жиынға Ұлттық Ғылым академиясының ғалым­дары, белгілі қоғам және мемле­кет қайраткерлері, ғылыми мекеме­лердің басшылары, саяси партиялар мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарының өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысты.