ҚЫТАЙДА СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН 1,3 МЛН. ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНҒАН

Керек дерек

Дағдарысқа қарамастан Ресейдегі миллио­нер­лердің саны былтыр 19 пайызға өсіп, 182 мыңға жетті. Алайда, әлемде миллионерлердің көшін АҚШ бастап тұр. Олардың саны 4,795 миллион адам.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев «Уақып» корпоративтік қайырым­дылық қорына бір айлық жалақысын аударды.

Отандастарымыз өткен жылдың жылуы үшін 10 млрд. теңге қарыз көрінеді. Оның 6 млрд.-ы Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі екен.

Елімізде көмір бағасының қымбаттауына тасымал тарифі мен делдалдар ықпал етуде.

Алматы экономикасы 25 жылда 100 есе өсті.

«Алматы Іnvest-2017» V инвестициялық фору­мында қол қойылған жалпы қаржылық келісімдер 5 млрд. теңгені құрады.

50 пайыз бөлшек сауданың 30 пайызға жуығы Алматының үлесінде.

ТЭЦ-2-ден әуеге шығарылатын зиянды қалдықтар 11 пайызға төмендеді.

Алматылықтар қызметтік көліктерді қызметтен басқа уақытта да қадағалай алады.

Алматыда жанар, жағар май тапшылығы болмайды деп жатыр сарапшылар.

Алматыда жыл соңына дейін 700 жайлы аялдама жүйелері іске қосылады.

Алатау ауданында қалдықтарды реттеу жүйе­сінің жылдық өндірістік қуаты 550 мың тоннаны құрайды.

Индустриалды аймақтағы 40 жобаға 191 млрд. теңге бөлінген.

Қайта жөндеу жұмыстарынан соң Наурызбай ауданындағы арық жүйесі 4 шақырымнан асты.

Байсейітова көшесіндегі жүргіншілер жолының алаңқай аумағы 6000 шаршы метр.

АҚШ Қазақстанға екі ГЭС-ті қайтарып берді.

Үшінші Рейхтің лауазымды тұлғаларының телефон нөмірлері мен мекен-жайы жазылған Адольф Гитлердің анықтама кітапшасы Ұлыбрита­ниядағы «Генр Олдридж және баласы» аукцио­нында 33 мың фунт стерлингке (44,5 мың доллар) сатылды.

Енді бұдан былай дәрі-дәрмек Ресейде азық-түлікпен бірге шағын супермаркеттерде сатыла беретін болады.

Елімізде 125 жоғары оқу орны бар, онда 477 мың студент оқиды. Былтыр 121 мың мектеп бітірген түлектің 70 мыңы Ресейге кеткен.

Алматыда соңғы екі айда 400-ге жуық жат ағымның жетегінде кеткендер тіркелсе, соның тең жартысы тура жолға түсіп үлгеріпті.

Атырауда көпбалалы ана 37 жыл құжатсыз жүрген көрінеді.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрін 100 теңгеге жалға беруге болады.

Елімізде 1,3 млн. адам 10 сотық жер телімін алу үшін кезекте тұрған көрінеді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 99 мың пәтер берілмекші.

Еліміз бойынша 1774 аналар кеңесі жұмыс істеп тұр.

Қытайда соңғы 5 жылда жемқорлықпен 1,3 млн. шенеунік жазаланған.

Алматыдан 76 шақырым жерде 3,5 балдық жер сілкінісі болды.

Ақтөбе облысында «Болашақтың ауылы» жоба­сы іске асып жатыр.