ПИК басшыларымен кездесті

Алматының 3 округының тұрғындары жаңа мәслихат депутаттарын таңдайды. Осыған орай Алматы қаласының мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесу өткізіп жатыр. Қазір 9 үміткер тіркелген. Соның ішінде алтауы өзін-өзі ұсынғандар болса, қалғаны «Нұр Отан» партиясы атынан екен.

Бұл ретте №6 сайлау округы бойынша Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына үміткер Жанна Төлегенова бас партия атынан сайлауға түседі. Жақында депутаттықа кандидат қаланың ПИК басшыларымен жолықты. Басқосуда шаһарды көгалдандыру, көшелерді тазалау, жүргіншілер өткелін жарықтандыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау орталығына келіп түскен ұсыныстар да осы кездесуде талқыға салынды.