МЕН КӨРГЕН «БӨРІҚАЗҒАН» МЕН «ТӘҢІРҚАЗҒАН»…

«Туған жерге, оның  мәдениеті     мен салт-дәстүріне айрықша ің­кәр­­­лікпен атсалысу — шынайы  пат­­риотизмнің маңызды көрініс­терінің  бірі».

Н.Ә.Назарбаев.

 Мен тарихшымын. Қоғамтану­шы­мын. 1986 жылы С.М.Киров атын­дағы  Қазақ Мемлекеттік университе­тінің  тарих факультетін  бітірген­мін.  Қаратау технология, білім және бизнес коллед­жінде сабақ беретін оқы­­тушымын, есіме осыдан отыз жылдай бұрын шілде  айын­да  болған  оқиғалар  түсіп отыр.

КазМУ-ді бітірген кезімде «мен     Жам­былға бармаймын, өзім туып-өскен Оңтүстік Қа­зақ­станға  барсам» деген болатын­мын.

Мені тыңдап алған соң  уни­верситет ректоры академик Өмірбек Арыстан­ұлы Жолдасбеков аға «…жолдама  жазы­лып қойды. Тарих­шыларға сұраныс  бо­лып жатқан жаққа — Жамбылға бара  берсейші!» —  деді.

Академик Ө.А.Жолдасбеков аға   өзі жолдаған еді, сол кісінің өзі  шынайы  ақ батасын берген-ау, Жам­был облы­сын­дағы қызметім, мәнді де есте қалар­лықтай болып,  оқушылар­дың  және сту­денттердің сүйікті апа­йына айналып, мол ризашылыққа бөленіп жүрген­дік­тен өзімді бақытты  оқытушы­мын деп ойлаймын. Жам­был облысында  тарих пәні оқыту­шысы  болып келе жат­қаныма  отыз  жылдан асты.

Шілде айы… Нағыз жаздың     орта­­­сында алыстағы оңтүстік аста­надан — Алма­тыдан    ғалымдар келді.

Ол кісілерді қызықтырған Жам­был облысында, Талас ауданының Қара­тау  жоталарында орналасқан «Бөрі­қазған» мен  «Тәңірқазған»  тұ­рақтары еді.

Қара­тау қаласында  қызмет еткелі    20 жылдан асты, ал менің арманым —  мек­­тептің оқушыларына арнайы жа­зыл­­­ған кітаптарда кездесетін және адам­зат­тың  алғаш  табаны  тиген,  бір мил­лион жыл  бұрын  алғаш  адамдар мекен еткен палеолиттік тұрақ­тарды өз  көзім­мен көру  болатын.

Мұндай идея — Алматыдағы  Қ.И.Сәт­­­­­баев атындағы  Қазақ Ұлт­тық техника­лық университетінің геология-минера­логия ғылым­да­рының  докторы, про­фес­­сор, ака­демик  Әділхан Байбатша  мырза мен философия  докторы  Ерқо­­жаға да ұнаған сияқты. ЖОО-ның сту­дент­теріне  арналған оқулықтарда  жа­зылған тарихи  атаулары  —   «Бөрі­қаз­ған» мен  «Тәңірқазған»  тұрақ­тарын көру үшін арнайы  келіпті.

Менің «Алматы ақшамы» газе­тінде  2013 жылы жарияланған «Та­рих туралы ойлар» атты мақаламды оқып, сол мақаладағы  айтылған  жәйттерге  ерек­ше қызығушылық танытып, алдын-ала менімен хабар­ласқан болатын. Мен сол  жаққа ғалымдармен баруға  қуана-қуана келістім.

Алыстан келген қонақтармен мұра­жайға бардық. Музейде Қара­баева  Кәмшат бізді  жылы  шырай­мен қарсы алды және тұрақтарға  бастап  баратын жол бастаушы  да  та­уып  берді.  Біздің  жолымыз Қа­ратау қаласынан    солтүс­тік-батысқа  қарай  жалғасты.

Бұралаң-бұралаң соқпақтар, кең  далада тұрақтарға апаратын жол да  жоқ  екен. Малшылардың машинала­рының іздері ғана  бар.

«Бөріқазған» тұрағы кең алқап бо­лып шықты. Мал­шылардың жылқы­лары емін-еркін  жай­лап  алыпты. Тіпті, келе жатқан көліктерге назар аудар­майды, қорықпайды.

Палеолит заманынан қалған  ешбір   белгі  байқалмады. Тіпті, қойыл­ған  белгіні  де  біреулер алып  кеткен  екен.

Алайда, 6-сыныпқа арналған  «Ежелгі   Қазақстан тарихы»  оқулы­ғын­дағы «Алғашқы адамдар өміріне»   ар­нал­­ған  суретші салған сурет бар, сол су­реттегі пейзаж біз көріп тұрған  ашық алаңқайды дөп   еске  түсіреді.

Ендігі  бағытымыз  «Тәңірқаз­ғанды»  көру, айтпақшы, келген қонақ­­тар гео­логтар болғанымен, Әл-Фараби секіл­ді энциклопедист ғалым­­дар болып шық­ты.

Әрбір тастың сырын  біліп, крем­ний сияқты тастарды көрген кезде қызық­ты әңгімелер айтқаны да есте   қалды.

Елбасы «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру» атты мақаласында  «Қазақ­стан­ның   қасиетті жерлерінің мәдени гео­графиялық белдеуі — неше ғасыр  өтсе де бізді кез-келген рухани жұтаң­дық­тан  сақтап, аман алып шығатын сим­вол­­дық қалқа­нымыз әрі ұлттық  мақ­­та­­нышы­мыз­дың  қайнар  бұлағы» деген еді. Бұл тұжырымның  осы  бір палео­литтік  тұрақтарға да қатысы бар-ау деген ойға келдім.

«Тәңірқазған» тұрағы таулы   шоқы­да  орналасқан екен, оған  жету  өте  қиын болды.  Автомобильде отыр­­ғанда  бір жағына аударылып қала ма деген    қорқыныш та  болды. Бірақ Тәңірдің  өзі   бізді  қорғады-ау  деймін.

Айтпақшы, тұрақтардың аты да қызық қой, «Бөріқазған» мен «Тәңір­­қазған» деп аталады.

«Тәңірқазған» басында қатты  жел  соқты, бәлкім  ол  алғашқы  ата-баба­ларымыздың өздері мекен еткен  тұрақ­тарға  ешбір  қамқорлықтың     болмай  жатқаны мен қоғамдағы көзі ашық адам­дардың тас  керең  болып  көңіл бөлмей жатқанына деген  өкпесі ме екен ?

«Біз барған Кениядағы  алғашқы  адам табылған – Килиманджаро   тауын­дағы  Олдувэй  шатқалына туристер ағы­лып, бүкіл  әлемнен келіп-кетіп  жа­тыр, ол жаққа жол да салынған, қонақ үй де  бар, туристер де көп», — деді ака­демик, гео­логия-минерология ғы­лым­дарының  док­торы, профессор  Әділхан Байбатша  мырза. Тұрақтарды  табу  да  қиын, жету де оңай шаруа емес екен, «Тәңір­­қазған»  тұрағын осыдан  60 жыл бұрын  Хасен  Алпысбаев атты  ғалым зерттеп,  5000-дай еңбек  құра­лын тапқан екен. Ал    қазіргі  халі… әттеген-ай дегіз­гендей  ме,   қалай?

Алматы қаласынан келген   қо­нақ­тар  жалпы өздері діттеген мақ­саттары   орын­далғанына риза  болды,  Қара­тауға қайтып  келе жатқанда Қ.И.Сәтпаев атындағы  Қазақ Ұлт­тық  техникалық университетінде  құрылған «Дос-Мұқа­сан»  ансамблі биыл тура елу жыл­дығын тойламақ екен, осы ансамбль туралы қы­зықты  әңгімелер айтты.

Ғылымдармен қимай қоштастық.

P.S.:Мен бұл мақала  арқылы  айтқым келетіні, аттарының  өзі  керемет  осы  бір үлкен мекендер аудан мен  облыс, тіпті респуб­ли­калық деңгейде қам­қор­лыққа алын­са, туристер келетін тари­хи орын­дарға айналып, еліміздің тарихи жәді­герлерінің рухани жаңғы­руы  шын мәнін­де жүзеге асса дегім келеді. Осын­дай елі­міздің тари­хи жер­лері көп  бол­ған сайын келген қонақтарды сол орын­дармен  таныс­тырсақ құба -құп еді  деп ойлаймын. Ол үшін, ең бас­тысы, тари­хи орын­дарға деген үлкен қамқор­лық, үлкен қолдау  қажет деп ойлаймын.

Әлима Жұмабаева,

Қаратау  технология, білім және бизнес колледжі тарих пәнінің  оқытушысы.