Лордтар палатасында сөз сөйлеген тұңғыш қазақ жазушысы

%d0%b4%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%82

Қазақтың аса көрнекті жазушысы Дулат Исабековтің 75 жылдығы Лондонда өтіп жатыр. Stan.kz сайтында және актриса Салтанат Бақаеваның Іnstagram парақшасында хабарлағанындай, әйгілі Англияның астанасында қазақ жазушысы Д.Исабековтің мерейтойына орай Исабеков атындағы фестиваль өтуде. Фестиваль «Жау жүрек» фильмімен ашылыпты. Аты әлемге мәшһүр «БигБен» сағаты орналасқан парламент ғимаратында қаламгердің құрметіне арнайы ас мәзірі дайындалып, дастархан жайылыпты.

Осының бәріне ұйытқы болып отырған Лорд палатасы көрінеді. Бұл кісі Лордтар палатасында сөз сөйлеген тұңғыш қазақ жазушысы екен.

Осыдан біраз уақыт бұрын «Алматы ақшамы» «Жаһан білетін жазушымыз бар» деп жазып еді. Қазақ қаламгерінің мерейін тасытқан осынау Лондон төрінде өткен салтанат та сол ойымыздың бір дәлелі болғандай.