ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Қоғамдағы белсене күрес жүргізіліп жатқан дерттің бірі – сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес шаралары деуге болады. Бірақ «ит қорыған жерге өш» демекші, қанша қатаң шара қолданылып, күрес шаралары қарқынды жүргізілге­німен жемқорлардың аузын тыю   оңай шаруа болмай тұр. Әсіресе, мемлекеттік қызмет атқарып жүрген шенеуніктер арасында бұл дерт асқынып тұр.   Ал асқынған ауруды ауыздықтау қай кезеңде болсын қиынға соғатыны белгілі жәйт. Сол себепті, Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері  және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы жемқорлыққа қарсы күрес шараларын   бекіткен болатын. Осы шара негізінде әрбір мекемелерде, ұйымдарда жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жиындар өткізіліп,  мәселесін шешу үшін бара бергенше, пара беруге дағдыланып қалған тұрғындарға жемқорлыққа жол бермеу, мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалану­дың  тиімді жолдары, Азаматтарға арналған үкімет порталын пайдалану  жолдары түсіндірілуде.   Алмалы ауданына қарасты  №8 емхананың «Нұр Отанның»  «Денсау­лық»  бастауыш партия ұйымында    «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта жиын болып өтті.  Жиында бастауыш партия ұйымының төрайымы, емхананың бас дәрігері Фарида  Ағыбаева  бастауыш партия ұйымы бойынша жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып  өтті.  Атқарылып жатқан   жұмыстарға  кеңінен тоқталған бастауыш партия ұйымының төрайымы емхананың  тіркеу бөлімінде келушілерге мемлекет­тік қызмет түрлерін алу және оны пайда­ланудың тәртібі жазылған буклеттер таратылатыны, ал емхананың сайтында  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының аппараттық баннері барын, қажет болған жағдайда сайт арқылы оқып, танысуға болатындығын  айта келіп, жиынға қатысушылар тарапынаан  қойылған сауалдарға  жауап берді.  Бұдан соң емхананың заңгері  Айжан Әнуарбек   мемлекеттік қызмет түрлерін электронды түрде алудың  артықшылықтары туралы айтып берді.  Жиын соңында оған қатысу­шыларға жемқорлықтың алдын алу шаралары мен  оған жол бермеудің қағи­да­лары жазылған буклеттер таратылды. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шыға­тындығына  сенетін дәрігерлер жемқор­лық дертінің де қоғам өмірінен алыстай­тындығына сенеді.