Белгілі әндердің «белгісіз» авторлары

%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%be%d0%bb-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-__%d0%bc%c2%a6%d1%82

Қаратаулық  ерлі-зайыпты мәдениет қайраткерлері Үміт Битенова мен Ербол Қамбатыров еліміздің батысын алып жатқан Маңғышлақ түбегінде болып, ақтаулықтарға өнерлерін паш етіп келді.

Аты аңызға айналған үш жүз алпыс екі әулие­сімен, Бекет атадай пірімен ерекшеленіп, қарт Каспий теңізімен әлемге мәшһүр болған  маңғыс­таулық өнерсүйер қауымға  «Қа­зақстан-Ақтау» теле­ар­насын­дағы  журналист Бердіхан Әлменнің «Сөз бен саз» авторлық бағдар­ламасы аясында  Абай атындағы зәулім мәдениет орталы­ғында қойылған бұл жолғы концерт белгілі әндердің белгісіз автор­ларына, танымал шығар­малардың бейтаныс еге­леріне арналды. Жасы­рынған әндерді бүкіл көрермен бірден тауып алып, бірге  қосыла  шыр­қап  кетісетін  әсерлі кеште Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны, ақын, әнші-сазгер Үміт Битено­ваның екі танымал туындысы халық назарына ұсынылды.  Өздерінің сүйікті әндерінің авторымен  танысып, көзайым болған көрермендер «Мені ойлап қам жемеші, мама» атты әнін орындаған автордың өзі мен  «Қыздар-ай, қыздар!» әнін орындаған Ербол Қам­батыровты  зор қошеметке бөледі.

А.ЫРЫС.