Алматы қалалық сайлау комиссиясы

Баспасөз парағы
2017 жылдың 02 қазаны
Достық, 85, 515 бөлме
Алматы қалалық сайлау комиссиясы
Алматы қаласы сайлау комиссиясының шығып қалған депутат орнына нөмірі 6, 16, 21 округтері бойынша Алматы қаласы мәслихаты детпутаттарын сайлау бойынша 2017 жылғы 29 қазанға  тағайындалған сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 28 қыркүйекте сайлау компаниясының маңызды кезеңі – ұсынылу кезеңі аяқталды.
Қорытынды бойынша, депутаттыққа    20 адам ұсынылды. Оның ішінде, 3 адам Нұр Отан партиясынан, 16 адам өзін өзі ұсыну жолымен. Кейін, оның төртеуі, кезең барысында, өз еркімен ұсынылудан бас тарты.

2017 жылғы 2 қазан күні  нәтижелері бойынша 16 кандидат сайлауға түсуде, оның ішінде 9 адам тіркелген. Тіркеу науқаны 4 қазан, сағат 24.00 де аяқталады.