«ҚАЛА КҮНІ» БАЛМҰЗДАҚТЫ БОЛДЫ

Мерекеде алматылықтар 500 мың балмұздақ жепті.

 images

Нұрлан СҮЙІН

   Мыңжылдық шаһар тұрғындары атақты алмалармен қатар отандық тәтті де салқын десерт «Шин-Лайн» балмұздақтарымен мақтана алады бүгінде. Бұған дәлел – Қала күні мерекесінде оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтары жарты миллион балмұздақ жепті.  

Қала күніне балмұздақ компаниясы өз сыйын әзірлепті. «Шин-Лайн» шаһардағы сауда орындарынан бөлек, мереке кезінде қосымша және қозғалмалы сауда нүктелерін ашты. Бұдан бөлек, «Шин-Лайнның» фирмалық тоңазытқыш-көліктері балмұздақтың сұранысқа ие біраз түрлерін тегін таратқан.

photo_10562

Владимир ПАК, «Шин-Лайн» компаниясының бас директоры:

– Біз алматылықтарға сый да жасадық, бизнесімізді де жүргіздік. Бүгінгі күнде біздің өнімдеріміз үлкен сұранысқа ие және «Шин-Лайн» Қазақстан атынан Азия нарығына шығып жатырмыз. Қала күні мерекесінің жалпы, биылғы маусымның «хиты» болып «Бомба-печенье» балмұздағы аталып отыр. Мерекеде осы балмұздақ түріне сұраныс көп болыпты Бұдан өзге, қалалықтар бұрынғы дәмді еске түсіретін нағыз пломбир – «Мишка на полюсе» балмұздағын ұнатса, ал балдырғандар мультфильм кейіпкерлері бейнеленген «Тролли» балмұздақтарын қалады. Біз осылай Қала күнінің тәтті өтуіне атсалыстық.

«Euromonitor» компаниясының деректері бойынша әрбір қазақстандық жылына шамамен 2,5 келі балмұздақ жейді екен. Оның жартысына жуығы «Шин-Лайн» өнімі. Салыстырсақ, бір тұрғын Ресейде 2,7-2,8 кг., Қырғызстанда 2,2 кг., Өзбекстанда 1,5 кг., Еуропада орта есеппен 6,5 кг. балмұздақ жейді екен. Егер барлық қазақстандықтар Қала күні балмұздақ жеген алматылықтардай болса, жақын уақытта Еуропаны қуып жетер едік.      Өмірімізді «тәтті» ету өз қолымызда.