1001 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕГЕ АРНАЛАДЫ

Қала күніне арналған велошеруге атақты спортшылар қатысады

%d0%bc%d0%b0%d1%80%d1%88%d1%80%d1%83%d1%82-%d0%ba%d0%b0%d0%b7

Қыркүйек айының 10-ы күні алып шаһарда «Спорттық Алма­ты» бағдар­ламасы аясында Қала күніне арналған велошеру өтеді.

«Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталатын 9 шақырымдық велошеру Тұңғыш Президент саябағында аяқталады. Мәреге қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар және велосипедтер ойнатылатын болады.

Қала күніне арналған велошеруде алматылықтармен бірге Дәулет Тұр­лы­xанов – грек-рим күресінен Олим­­пиада ойындарының күміс жүлдегері; Санатәлі және Саматәлі Төлтаевтар –  бокстан жастар арасында Азия чем­пиондары; Айгүл Дүкенбаева – спорт­тық акро­батикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері; Руслан  Либиров – у-шудан жазғы Уни­версиада-2017 ойындарының кү­міс жүлдегері, т.б веложолға шығады.

Алматы қаласының дене шынық­тыру және спорт басқармасы қатысу­шыларға арнайы бас киімсіз (шлем­сіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жәйт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдар­ла­масының қолдауымен 2017 жылы жоспарланған 21 велошерудің он сегізіншісі. Бағдарламаның ақпа­раттық серіктестерінің бірі – «Алматы ақшамы» газеті.

«Спорттық Алматы» бағдар­лама­сы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асыры­луда.

 

«Ақшам-ақпарат».