«Нұр Отан» партиясының ХХ конференциясы өтті

ddd_3630

Нұрлан СҮЙІН

2017 жылы 7 қыркүйекте  ««Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының  кезектен  тыс өткен ХХ конференциясында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық мәсли­хаты депутаттығына  үміткерлер ұсынылды.

Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының Төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Алматы қалалық мәслихатының депутат­тары, «Нұр Отан» партиясы Алматы қала­лық филиалының Бюро және Саяси кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен үкімет­тік емес ұйымдардың жетекшілері, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қалада сайлаушылардың белсенді топ­тары шоғырланған, қоғамдық және үкімет­тік емес ұйымдардың, саяси партиялардың басым бөлігі бар. Алматы – барлық саяси-экономикалық институттар орналасқан ірі қала. Сонымен қатар,  қаржылық, мәдени және туристік салалар қарқынды дамып келеді.

«Нұр Отан» партиясының қалалық мәс­лихаттағы фракциясы Алматының эконо­микалық, әлеуметтік және инфра­құры­лымдық жүйесін дамыту бойынша жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда.

Конференцияны «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, партияның Алматы қалалық филиалының Төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ашып, жүргізіп отырды.

Алматы қалалық мәслихатының VІ шақырылым депутаттары – Динар Нөке­таева сенаторлыққа сайланып, Қанат Төсекбаев Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалған болатын. Конферен­ция қалалық мәслихатта босаған орындарға үміткерлер ұсынуды күн тәртібіне қойды.

Конференцияда Алматы қаласындағы мәслихат депутаттарының босаған ЖОО, бизнес және ғылыми-зерттеу салаларында қызмет істейтін 6 үміткердің ішінен 3 кан­дидат таңдалып алынды. Олар – «Алматы қаласын дамыту Орталығы» АҚ төрайымы Жанна Төлегенова, «Юником Бизнес Груп» ЖШС директоры Вячеслав Банщиков және Халықаралық инновациялық технология университетінің ректоры Дамир Шыны­беков.

Сонымен қатар, конференция бары­сында «Үздік бастауыш партия ұйымы» сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Үздік жеңімпаздарды партия Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бай­бек пен «Нұр Отан» партиясының Орта­лық аппарат өкілдері марапаттады.

Өткен жылғы ұйымдастырылған сайыс­тың жеңімпаздары – №5 қалалық ау­­руханасы, «Mega Alma-ata» сауда үйі және Алматы әуежайының бастауыш ұйым өкілдері Қытайға жолдама алып, көрші елдің билік партиясы жұмысының тәжірибесімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Партия ұйымдары бір жыл бойы көп­теген қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізіп, жағдайы төмен отбасыларға, ардагерлер мен мүгедектерге, жетім балаларға қайы­рымдылық көрсетті және белсенді еңбек ету нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының ел алдындағы беделін көтеруге ықпал етті.

Байқау бастауыш партия ұйымдары­ның белсенді мүшелерін ынталандырып, халық игілігі үшін ортақ мүдде жолында қызмет етуге жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылды. Ең үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтау 3 кезеңнен құралады: аудандық филиал деңгейінде, аймақтық филиал және партияның Ор­талық аппараты деңгейінде айқындалады. Қаладан озып шыққан БПҰ-лар Астанаға барады.

Бүгінгі күнде партияның Алматы қала­лық филиалында 90 мың партия мүшесі, 700-ден аса бастауыш партия ұйымы бар.

Биыл қала бойынша бірінші кезеңде 130-дан астам бастауыш партия ұйымдары байқауға қатысып, соның ішінен 27 бас­та­уыш партия ұйымы қалалық кезеңге шы­ғып отыр. Сайыс қорытындысында 3 санат бойынша – 100-ге дейінгі партия мүшесі бар, 500-ге дейінгі және 500-ден жоғары партия мүшелері бар ұйымдардан 9 жеңімпаз анықталды.

 

Өткізілген жоба аясында үш санат бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бірінші санатты БПҰ

1 орын – Алмалы ауданы «Ақ жүрек» БПҰ (Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты). 

2 орын – Бостандық ауданы «Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік кол­леджі» БПҰ.

3 орын – Алмалы ауданы «Бухгалтер және аудиторлар қауымдастығы» БПҰ.

 

Екінші санатты БПҰ

1 орын – Медеу ауданы «Атрикс строй» БПҰ.

2 орын – Бостандық ауданы  «Нұршипа» БПҰ (ҚП №12).

3 орын – Түрксіб ауданы «АЗКҚ» БПҰ.

 

Үшінші санатты БПҰ

1 орын – Жетісу ауданы «Алматы-2 Теміржолы» БПҰ.

2 орын – Әуезов ауданы «АлЭС» БПҰ.

3 орын – Бостандық ауданы «Холдинг Алматы су» БПҰ.

Конференция сонында жүлделі орын алған «Есепшілер және аудиторлар қауымдастығы» бастауыш партия ұйымы төрайымы  Валерия Ерошкина және ірі құрылыс компаниясы  «АТРИКС СТРОЙ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әміржан Нәбиев сөз сөйлеп, жиынға қатысқан бастауыш партиялар ұйымдары атынан  алғыстарын білдірді.