ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

Алатау ауданындағы №41  А.Қарсақбаев атындағы мектеп оқушылары мұражайға саяхат жасады

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0

Алатау ауданында №41 жалпы білім беретін мектеп қазақ балалар киносының «әкесі», танымал режиссер Абдолла Қарсақбаевтың атында. Мектеп ұжымы руханият тұлғасы, «кино-атаның» есімін ардақтап, жоғары сыныптың әрбір оқушысы мақтанышпен айтып жүреді.

Руханият нәрімен сусындағын А.Қар­сақбаев мектебінің оқушылары жаңа оқу жылын «Атлетикалық қалашық» ықшамау­данындағы «Пирамида» мұражайына сая­хатпен бастады. Мектеп директоры Ләззат Доланбаеваның басшылығымен 200 оқушы 2017 жылы Алматының «мәдени-спорттық паспортына» айналған «Алматы арена», «Алатау» дәстүрлі өнер театры, «Пирамида» мұражайы, т.б. орналасқан «Атлетикалық қалашық» ықшамауданында болды.

Жыл басында Алматыда 28-Бүкіл­әлем­дік Қысқы Универсиада абыроймен өткені белгілі. Дүниежүзілік қысқы ойындардан соң, Алматы әкімдігі «Универсиада мұрасы» бағдарламасы аясында нысандарды халық игілігіне беруді қолға алды. Шаһар бас­шысы Бауыржан Байбектің бастамасымен «Алатау» мәдениет сарайы «Дәстүрлі өнер театры» болып қайта құрылымдалып, «Атлетикалық қалашық» тұрғын үй кешені ретінде алматылықтарға беріліп, «Пира­мида» ғимаратында мұражай, т.б. руханият ошақтары ашылды, «Алматы аренада» бассейн, жаттығу залдары жұмыстарын бастады. Бір сөзбен айтқанда, мегаполис басшылығының пәрменімен «Атлетикалық қалашық» ықшамауданы әлеуметтік-рухани, мәдени-спорттық саланың бас­тауына айналды.

Алатау ауданындағы №41 мектеп оқушыларының «Пирамида» мұражайына саяхаты «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы қалалық Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Саяхат барысында оқушыларға мұра­жайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, мұражайдағы құнды заттарды және рухани құндылық­тарды танытуды, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражайға саяхат жасауда оқушылар ғылымның, білімнің, мәде­ниеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Осы мұражай бөлмелерін аралау барысында оқушылар көптеген қазақтың ұлы тұлғаларының аспаптары мен олар туралы тың мәліметтермен танысты. Танысу барысында мұражай қызметкері қызықты мәліметтер туралы сыр шертіп, оқушыларды әр түрлі музыкалық үндендердің байланыс­уынан шыққан әуендерді тыңдатты. Келесі аралау бөлімінде мультимедиялық үлкен залға кіріп, музыка, өнер құдіреті жайлы деректі фильмдер көрсетті. Өнердің өмірден алар басты құндылығы мен сыршылдығын түсіндіріп, елінің елеулі композиторлары мен өнер үшін ерен еңбек еткен жандар жайлы  қысқа монтаждалған бейнебаян оқушы­лардың назарына ұсынылды. Оқушылар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұра­жайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Оқушылар үшін, қоғам үшін  осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!

 

А.АБДРАХМАНОВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.