ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛҒАН «АСТАНА» АЛАҢЫ

DCIM100MEDIADJI_0029.JPG

Міне, айналдырған екі-үш айдың ішін­де «Астана» алаңы тотыдайын тара­нып шыға келді. Бұрнағы күні Алматыда жаяу жүргін­шілерге басымдық беріл­ген, қайта  жасақ­талып түле­­ген  «Астана» ала­ңы ашылды. Түн мезгілінде ерекше жарықпен нұрла­на­тын екі құрғақ фон­таны бар алаңның ашылу салтана­тына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Белгіленген мерзімінен бұрын ашыл­ған алаңда қозғалыс бөліктерінің жо­лақ­тары қысқарып, жүргіншілер көлік легінен боллард арқылы бөлінген екен. Босаған кеңістіктерге веложолдар салы­нып, гранит тастар төселген. Бұдан өзге алаңның қос жақтауы дерндермен көгалдандырылып, лаванда клумбалары қойылыпты. Сатылы эспланада жаңар­тылып, олардың  алдына  түн мезгілінде ерекше жарықпен нұрла­натын екі құр­ғақ фонтан орнатылған.

ddd_5177

Классикалық стильде жасалған жарық көздері көздің жауын алады. Соны­­мен қатар, алаңға  қоқыс жәшік­тері мен шағын дүкендер, авторлық архи­тектуралық формалар қойылған.    Алаңның оңтүстік жағындағы жаяу жүр­гіншілер жолына тас төселіп, барын­­ша заманауи тұрғыда абаттан­дырылған. Қазан айында бұл жерде жалпақ жапырақты жасыл аллея  пайда болады.

Түлеген, түрленген «Астана» алаңы­ның ашылу салтанатында қала тұрғын­дары мен оның қонақтары үшін театр­ландырылған көріністер, би перфо­манстары, фотоаймақтар мен ретро­инсталляциялар ұйымдастырылды.

Жалпы, жаяу жүргіншіге басымдық беретін Қабанбай батыр, Панфилов, Жібек жолы және Гоголь көшелеріндегі жұмыстар одан әрі жалғасуда. Мәселен, мұндағы ғимараттардың сырттары жаңар­тылуда. Айта кету керек, жасыл желекті автоматты түрде суарудың жаңа жүйесі тартылып, арықтарға жаңа лотоктар төселіп, бірқатар учаскелерде тас төсеу аяқталған.  Қала күніне орай барлық нысандардағы жерлерге тастың төселіп, кіші пішінді архитектуралық фор­малар қойылып, көгалдандыру, шамдар мен құрғақ субұрқақтарды орна­ту, демалыс аймағын, балалар алаң­дарын, веложолдардың салынуын то­лық аяқтау жоспарланған. Аталған аймақ­ты ағашпен көмкеру күз айла­рында жүргізілмек. «Астана» алаңына қайың, терек және басқа да  ағаш түр­лері отырғызылатын болады.

pogudx5dnao0ic17l-c63f88ea

Аягүл МИРАЗОВА,

Қазақстанның Еңбек Ері:

Шаһар өзгеше түрленіп келе жатыр

–       Кешегі Ескі алаң, бүгінде «Аста­на» алаңы атауымен танымал. Орта­лықтың қазіргі келбеті мүлде басқаша. Алматының өзіне тән үйлесімі, өзіне тән сүйкімі бар ғой. Даму тарихында күр­делі кезеңдерді өткерген бұл шаһар жаңа уақытта өзгеше түрленіп келе жатыр. Рухани астана жыл өткен сайын жаңарып келеді. Қала көшелері абат­тандырылып, жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Білікті басшылықтың ілкімді істері қала тұрғындарына қуа­ныш сыйлап отырғаны анық. Рухани астананың ажарын ашатын әлеуметтік бастамалар легі мұнымен толастамақ емес.

 pogudx64ilh6t5usl-7c1615d3

Серік ЕСМАТОВ, паралимпиадашы:

Бұл жерге шетелдік меймандарды да ұялмай апаруға болады

–       Бүгінде қаланы абаттандыру ба­ғы­тында ауқымды шаралардың атқа­рылып жатқанын байқамаған адам кемде-кем шығар. Білікті басшылықтың арқасында мінсіз қайта жасақталған, түлеген «Астана» алаңы жаңаша сипат­та ажарлана түсті. Абаттандырылған алаңның  қос қапталындағы жасыл бел­деулер, ондағы түнгі жарық шамдар, сәулеттік кескіндер көздің жауын ала­ды. Бұл алаңға, тіпті, небір талғамы жоғары шетелдік меймандарды да ұял­май апаруға болады. Алдағы уақытта алматылықтардың сүйікті демалыс орны болатын бұл жердегі көркем нысандар кеудеңе мақтаныш ұялатады. Осының баршасы өзге емес, ел азамат­тарының мұрындық болуымен жүзеге асуда. Бұл Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай, «Өзімізді-өзіміз қамшы­лауымыз керек. Бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды» деген лебізімен үндесіп жатқаны анық. Біз біреуді жал­ған мақтаудан, әсірелеуден мүлде аулақ­пыз. Алайда, шындықты қаз-қалпында жеткізу – міндетіміз.

Керек дерек

Түн мезгілінде ерекше жарықпен нұрланатын екі құрғақ фонтан бар.

Қазан айында алаңда жалпақ жапырақты жасыл аллея  пайда болады.

Алаңға шағын дүкендер, авторлық архитектуралық формалар орнатылған.

Ашық аспан астындағы амфитеатр бар.