АЛМАТЫДА РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

1

Жаңа орталықтың жұмысымен  қала әкімі Бауыржан Байбек танысып қайтты.   Бүгінде Алматы  медицина саласында қызмет ететін отандық және  шетелдік  инвесторларды қызықтырып отыр.  Репродуктивті  медицина  институтындағы жаңа орталықтың ашылуы — қалада медициналық туризмді дамытудың жарқын мысалы болып табылатынын тілге тиек еткен шаһар басшысы емхананың жұмысына сәттілік тіледі.  Айта кету керек, институттың заманауи қондырғылармен жабдықталған жаңа «ЭКО» орталығы  медицина саласындағы соңғы техноло­гиялармен бедеулікті  емдеуге қауқарлы екен. Жалпы, емхана әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары технологиялы медици­налық көмек көрсетеді.

– Соңғы жылдары  біздің қызметке деген  сұраныс артып,  медициналық туризм артуда. Алматыға  жақын және алыс шетелдерден емделу үшін келетіндер аз емес. Олардың ішінде Түркиядан, Германия мен Ресейден, Қытай мен АҚШ-тан келетіндер баршылық. Барлық емде­лушілерге заманауи репродуктивті техно­логиялар бойынша ата-ана атану бақытын сыйлаудамыз, – деді репродуктивті  меди­цина  институтының  директоры Тамара Жүсіпәлиева.

2

Институт  директорының айтуынша, емхана жылына  үш мыңға жуық отбасын қабылдай алады екен.  Дегенмен, экстра­корпоральді ұрықтану бойынша барлығына бірдей көмек көрсету мүмкін емес. Мыса­лы, Алматыда қаражаттың жоқтығынан 300 отбасы бірнеше жыл кезекте тұр. Бұл ретте қала әкімі Бауыржан Байбек сол отба­сыларға тегін медициналық көмек көр­сету жолдарын қарастыруды тапсырды. Соны­мен қатар, экстракорпоральді ұрық­тану бойынша жүкті болған  әйелдерге босанатын жаңа үй салуды қарастыруды міндеттеді.

 

Н.АСЫЛ.