ҚОҢЫРӘУЛИЕ ҮҢГІРІ

48690fc41aff8badbb295146aecc355e

Қоңырәулие үңгірі – Павлодар об­лысындағы Баянауыл тауының батыс жағындағы Аққарағай тауы­ның күнбатыс етегіндегі қасиетті үң­гір. Ол Баянауыл ауылының сол­түс­тік-шығысында, 17 шақырым қа­шық­­­­тық­та орналасқан. Жергілікті тұр­ғын­дар оны «Әулиетас» немесе «Қоңыр­әулие» деп те атайды. Үңгір текто­ни­калық жік түсуден, гранит та­сына табиғи сыртқы күштердің (жел, күннің қызуы, су шаю, т.б.) әсе­­рінен пайда болған. Ендік ба­ғытта созылған үңгірдің ұзындығы 30 м., ені 2,5 м., биіктігі 1,8-2,0 м., кіре­­берісі кеңдеу де, түбіне қарай біртіндеп тарылып, тастағы жарық­шақтардан енген судан түзілген көл­­шікпен бітеді. Үңгірдің табаны тегіс, бүйірі қуыс-қуыс және тепкі­шекті. Суының шипалық қасиеті бар.

Қоңырәулие туралы аңыз

«Қоңырәулие» үңгірі жердің, жан­уарлар мен құстар әлемінің қорғаушысы Нұх Пайғамбар заманынан бар. Бүкіл­әлемдік су тасқыны кезінде үш көріпкел Нұх Пай­ғамбардың кемесінде қалып қойыпты-мыс, бірақ кемеде орын бол­мапты, сонда үш бақанды жалғап бай­лап, бақанға отырып, ол пайғамбардың кемесіне байланыпты. Бүкіләлемдік ағыспен олар солтүстіктен оңтүстікке беттейді. Алғашқы болып үлкен әулие Құланның бөренесі тасқа соғылып, жұлынып кетеді. Бұл – Қызыл Тау маңын­да болған. Екінші болып тасқа ортаншы бала әулие Қыранның бөре­несі ең биік тау Ақбетке соғылады. Су қай­та бастап, таулар мен шоқылар ашыла бас­тағанда, кенже әулие Қоңырдың бөренесі үңгірге жақын­дағаннан кейін, ол осы жер­де қоныстанады. Сол себепті, үңгір қажы­лықтың киелі жері саналған. Осындай табынудың себебі болған үңгір түкпі­рінде қазан бар осы қазан түбіне үнемі су жи­налады. Осы суда барлық ауруларды жазу қасиеті бар, тіпті, бедеуліктен де. Қай уақыт­та болмасын, үңгір жанына баланы дүниеге әкелу мақсатымен әйелдер қонған және осы армандары шынымен де орын­далған.

konyr-aulie

Үңгір ішіндегі қасиетті көл

Қоңырәулие өзінің қасиетті көлімен халық арасында танылған. Үңгір ішіндегі көлдің ұзындығы 25 метр, ені 10, те­реңдігі 1,8 метр дегенмен, оның көлемі жерасты суының деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Суы тұщы әрі көптеген ауруларға ем. Шынында да көл суының емдік қасиеті бар екені еш күмән туғызбайды. Өйткені, үңгір орналасқан Ақтастың бетінде ерте­ден-ақ арша қалың өседі.

 

Қызықты мәлімет

Баянауылдағы үңгірде Қаныш Сәт­баев болған. Бүгін қасиетті үңгір қалың жұртқа сая болып, киелі орынға айналып отыр. Үң­гірге көтерілетін баспалдақ­тардың ұзын­дығы 110 метр, әрбір 10-15 метр сайын дем­алуға арналған алаң бар. Үңгірдің жалпы ұзындығы 30 метр.

(Ғаламтор материалдары

негізінде әзірленді).