Қанат Ислам 9 қыркүйекте Брэндон Кукпен кездеседі

45gqy2r2r8w

Бірінші орта салмақтағы WBO Іntercontіnental және WBA Fedelatіn тұжырымдары бойын­ша әлем чемпионы Қанат Ислам ЭКСПО аясында өтетін бокс кешінде еш­кімнен жеңіліп көрмеген канадалық Брэнден Кукпен кездеседі. Бұл жекпе-жек 9-қыркүйек күні Аста­надағы «Сарыарқа» велотре­гінде өтеді. Боксшылар бірінші орта салмақтағы ІBF титулына таласатын болады. 

– ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында елімізде тағы бір кәсіпқой бокс кеші өтпек. Бұл жолы да арена жанкүйерлерге толы бола­тынына сенемін. Астанада өтетін жекпе-жектің мен үшін жауап­кер­шілігі өте жоғары. Жақсылап дайын­далып, қазақ еліне тағы бір жеңіс сыйлаймын деп ойлаймын, – деді Қанат Ислам журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, осы бокс кешінде тағы сегіз қазақстандық боксшы жекпе-жек өткізеді. Олар алыс және жақын шет елдік боксшылармен жұдырықтасады.

s2kt4k3n5pg

Назарларыңызға ЭКСПО көрмесі аясында өтетін бокс кешіне қаты­сатын қазақстандық боксшылардың тізімін ұсынамыз:

  1. Қанат Ислам – кәсіпқой бокста әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы. Осы уақытқа дейін отандасымыз кәсіпқой бокс шаршы алаңында 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесуде «QAZAQ» қарсыластарын нокаутқа түсірген. Қазіргі уақытта орта салмақтағы WBA Іnter-Contіnental, WBO NABO (WBO Іnter-Contіnental: WBA Fedelatіn және WBA Fedecarі белбеулерінің иегері.
  2. Жанқош Тұраров – жартылай орта салмақтағы Ұлттық бокс ассоциация­сының (NBA) чемпионы. Кәсіпқой бокста 21 кез­десу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 рет қарсыласын нокаутқа түсірген.
  3. Жәнібек Әлім­хан­ұлы – еңбек сіңірген спорт ше­бері, Рио-де-Жанейро қала­сында өткен Олимпиада ойындарының ширек фина­лына шыққан, Азия ойын­дарының, Азия бірінші­лігінің және әлем чем­пионаты­ның жеңімпазы. Кәсіпқой бокста бір кездесу өткізіп, жеңіске жеткен.
  4. Мейірім Нұрсұлтанов – орта сал­мақтағы еліміздегі ең талантты боксшы­лардың бірі. Кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Соңғы кездесуін 15 шілде күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында амери­калық Лэнни Дардарға қарсы өткізіп, жеңіске жетті.
  5. Руслан Мырсатаев – халық­аралық дәрежедегі спорт шебері. Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының ширек финалына шыққан. Бес маусым бойы Бүкіл­әлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін елордалық «Астана арлан­дары» клубының намысын қорғаған. Кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.
  6. Әли Ахмедов – кәсіпқой бокс шаршы алаңында жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
  7. Айдос Ербосынұлы – кәсіпқой бокста алты кездесу өткізіп, барлы­ғында жеңіске жеткен.
  8. Димаш Ниязов – Нью-Йорк қала­сының по­лиция қызметкері. Кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында да қарсылас­тарынан үстем түскен. Туған жерінде бірінші рет кездесу өткізгелі жатыр. Өйткені, Димаш 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен. Дегенмен, ол бокстың әліп­песін Шымкент қаласында Қазақ­станның еңбек сіңір­ген жаттықтыру­шысы Нұр­ғали Сафиуллиннен үйрен­ген.
  9. Нұрсұлтан Жаңабаев – WBA Chіna белбеуінің иегері. Кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, 9-қыркүйекте болатын бұл бокс кеші билетінің құны – 2000-нан басталып, 10 000 теңге аралығында сатылып жатыр. Қапы қал­маңыздар.