Жаңа төраға сайланды

img-20170905-wa0035

Нұрлан СҮЙІН

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ХІІІ конференциясы өтті.

«Алғабас-6» ықшамау­данын­дағы №182 мектепте өткен кезектен тыс ХІІІ конференция жұмысына Алатау ауданынан сайланған қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» фрак­циясы мүшелері Н.Ниязова, Қ.Сәрсенбай, аудандағы бас­тауыш партия ұйымдары төр­ағалары, БАҚ өкілдері, кон­ференцияға сайланған деле­гаттар қатысты.

Конференция жұмысын «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Алмасаев жүргізіп, конференция төралқалығына «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары С.Канкуров, Алатау ауданы әкімі Ш.Рыспаев, Алатау аудандық Арда­герлер кеңесі төрағасы Қ.Қабдол­диндер сайланды. Конференция жұмысына 210 делегат қатысып, күн тәртібінде 4 мәселе тұрды:

– «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасын сайлау;

– «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізу;

– «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылау;

– «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясына делегаттар сайлау.

Бірінші мәселе бойынша: «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы­ның бұрынғы төрағасы, аудан әкімі болған Б.Мәнізоров басқа қызметке ауысуына байланысты төрағалықтан босатылып, конференция төрағалыққа Алатау ауданының әкімі Шаһмардан Рыспаевты сайлады. «Нұр Отан» пар­тиясы аудандық филиалының төр­ағасы Астанадан «Нұр Отан» партиясы Орталық Комитетінің келісімімен сайланды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізіліп, филиал төрағасы Ш.Рыспаев бастаған жеті «Нұр Отан» мүшесі саяси кеңес құрамына сайланды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылауға байла­нысты баяндаманы Алматы қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» фракциясы мүшесі Қ.Сәрсенбай жасады. Баяндамашы «Рухани жаң­ғырудың мағынасы мен мәніне» жан-жақты тоқталып, құрылғанына 9 жыл толған Алатау ауданының үлгісінде айтып берді.

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық кезектен тыс ХІІІ кон­ференциясы күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партия­сы Алматы қалалық ХХ конфе­ренциясына ауданнан 11 делегат сайлап, өз жұмысын аяқтады.