Биылғы жарты жылда 74 тексеру жүргізілді

20170217133444-640x426

Алматы қаласы бойынша Экология департаменті жүргізген барлық тексеру жұмыстары ҚР Экологиялық және Кәсіпкерлік кодекстерінің, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптары сақталуымен жүзеге асырылды. Бұл ретте, экологиялық инспекторлар 2017 жылдың бірінші жартыжыл­дығында 74 тексеру, оның ішінде, ішінара – 34, жоспардан тыс – 15 және басқа нысандарға – 25 тексерулер жүргізілді.

Атап өтетіні, мұндағы жоспардан тыс 15 тексеру мемлекеттік орган­дардың бастамасымен жүргізілді. Мысалы, осыған орай Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан – 1 хат, жеке және заңды тұлғалардан – 14 хат келіп түскен. Соған байланысты инспек­циялық қызметті жүзеге асыру кезінде 97 экологиялық талаптарды бұзу анықталды. Бұл ретте:

– атмосфералық ауаны қорғау бойынша – 56;

– су ресурстарын қорғау бойын­ша – 11;

– жер қойнауын қорғау бойынша – 2;

– тұтыну және қолдану қалдық­тарын орналастыру бойынша – 15;

– рұқсат құжаттары бойынша (жобалар, қорытындылар, рұқсат қағаздары) – 13 жағдайда экология­лық талаптар орындалмаған.

Ал енді, әкімшілік құқық­бұзу­шылық бойынша 97 хаттама рәсім­деліп, оларға қатысты тиісті қаулылар шығарылды. Бұл ретте 2 ескерту мен 7 492 703 теңгені құрайтын 55 заңды тұлғаға 6 399 045 теңге, 2 лауазымды тұлғаға 181 520 теңге, 12 жеке кәсіпкерге 794 150 теңге, 26 жеке тұлғаға 117 988 теңгені құрайтын жалпы саны 95 айыппұл салынды. Ал бұл айыппұлдар  түрлі экологиялық заң бұзу бойынша салынды. Олар – атмосфералық ауаны қорғау бойынша – 4 382 857 теңгеге 55 айыппұл, су ресурстарын қорғау – 245 052 теңгеге 11 айыппұл, жер қойнауын қорғау – 90 760 теңгеге 2 айыппұл, тұтыну және қолдану қалдықтарын орналастыру – 1 798 364 теңгеге 14 айыппұл және рұқсат құжаттары бойынша (жобалар, қорытындылар, рұқсат қағаздары) – 975 670 теңгеге 13 айыппұл салынды. Оның ішінде 4 787 590 теңгеге салынған 60 айыппұл өз еркімен төленіп, қалған 2 705 113 теңге бойынша айып­пұлдарды өндіру істі орындау кезінде жүзеге асырылды  және оларды төлеу мерзімдерінің уақыты бар.

Сондай-ақ, 2016 жылы 3 984 864 теңгеге салынған 7 айыппұл мәж­бүрлеп өндіріп алуға жолданып, ол биылғы бірінші тоқсанда толығымен мемлекет кірісіне өндірілді. Ал енді былтырғы айыппұлдарды есептесек, 8 772 454 теңгені құрайтын 67 айыппұл өндіріліп,  117 пайыздық көрсеткішті құрады. Соған орай табиғат қорғау заңнамасына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы 68 ұйғарым беріліп, қоршаған ортаға залал келтіргені үшін 10 790 317 теңгені құрайтын 16 наразылық ұсынылды. Оның ішінде атмосфе­ралық ауаны қорғау бойын­ша – 3 664 768 теңгеге 5 наразылық, су ресурстарын қорғау – 13 032 теңгеге 1 наразылық, жер қойнауын қорғау – 4 494 054 теңгеге 1 нара­зылық, тұты­ну-қолдану қалдықтарын орналас­тыру – 495 313 теңгеге 2 на­ра­зылық, рұқсат құжаттары бойынша (жоба­лар, қорытындылар, рұқсат қағаз­дары) – 2 123 150 теңгеге 7 нара­зылық ұсы­нылды.

Бұл ретте  6 632 889 теңгенің 11 на­разылығы өз еркімен төленсе, қалған 4 157 428 теңгенің 5 наразы­лығы орындалуда және төлеу мерзім­дері өтпеген.

Алматы қаласының арнайы мамандандырылған экономикалық сотына мәжбүрлеп өндіруге жолдан­ған 2016 жылғы талап-арыздар бойынша, 2017 жылдың бірінші жар­тыжылдығында 17 345 212 теңгені құрайтын наразылық өндірілді. Өткен жылды есепке алғанда ұсы­нылған 13 наразылық бойынша 23 978 101 теңгені құрайтын наразы­лық өндіріліп, ол 222 пайызды құрады.

Сөйтіп, өрескел заңбұзушылық үшін, яғни мемлекеттік эколгиялық сараптаманың қорытындысы мен қоршаған орта эмиссияларына рұқсат қағаздың болмауына орай, белгі­ленген тәртіпте Алматы қаласының арнайы мамандандырылған экономи­калық сотына субъектілер қызметін тоқтату үшін 6 талап-арыз жолданды және жол­данған талап-арыздар сот шеші­мімен толық қанағаттанды­рылды.

2016 жылдың бірінші тоқсанында 112 тексеру, оның ішінде ішінара – 29, жоспардан тыс – 51 және басқа нысандарға – 32 тексеру жүргізілді. Онда да жоспардан тыс 15 тексеру мемлекеттік органдар бастамасымен жүргізілді. Оның ішінде Алматы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан – 9 хат (1 – ұйғарымды орындамау), прокуратура органдарынан – 28 хат, жеке және заңды тұлғалардан – 14 хат келіп түскен.

Сонымен қатар, инспекциялық қызметті жүзеге асыру кезінде 117 экологиялық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

– атмосфералық ауаны қорғау бойынша – 24;

– су ресурстарын қорғау бойынша – 3;

– жер қойнауын қорғау бойынша – 6;

– тұтыну және қолдану қалдық­тарын орналастыру бойынша – 3;

– жер ресурстарын қорғау бойын­ша – 2;

– есептілікті тапсыру оның ішін­де паспорт және ӨЭБ – 23;

– рұқсат құжаттары бойынша (жобалар, қорытындылар, рұқсат қағаздары) – 56 экология талаптары орындалмаған.

Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторлармен 116 қаулы шығарылды. Оның ішінде 1 ескерту және 54 998 003 теңгені құрайтын 78 заңды тұлғаға – 53 519 666 теңге, 13 лауазымды тұлғаға – 131 502 теңге, 19 жеке кәсіпкерге – 1 208 970 теңге, 5 жеке тұлғаға – 137 865 теңгені құрайтын жалпы саны 115 айыппұл салынды. Бұл айыппұлдар мына экологиялық заңбұзушылық бойын­ша салынды – атмосфералық ауаны қорғау бойынша – 9 169 454 теңгеге 23 айыппұл, су ресурстарын қорғау – 328 755 теңгеге 3 айыппұл, жер қойнауын қорғау – 37 587 692 теңгеге 5 айыппұл, тұтыну және қолдану қалдықтарын орналастыру – 195 351 теңгеге 3 айыппұл, жер ресурстарын қорғау – 848 400 теңге­ге 2 айыппұл,  рұқсат құжаттары бойынша (жоба­лар, қорытындылар, рұқсат қағаз­дары) – 9 298 715 теңгеге 56 айыппұл салынды. Сондай-ақ, табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес анық­талған бұзушылықтарды жою туралы 109 ұйғарым берілді.

Қоршаған ортаға залал келтіргені үшін 82 566 122 теңгені құрайтын 51 наразылық ұсынылды. Оның ішінде атмосфералық ауаны қорғау бойынша – 205 491 теңгеге 9 нара­зылық, жер қойнауын қорғау – 69 921 321 теңгеге 6 наразылық, тұтыну және қолдану қалдықтарын орналастыру – 180 081 теңгеге 3 на­ра­зылық, рұқсат құжаттары бойын­ша (жобалар, қорытындылар, рұқсат қағаздары) – 12 259 229 теңгеге 33 наразылық ұсынылды. Оның ішін­дегі 6 218 528 теңгенің 46 наразы­лығы өз еркімен төленіп, қалған наразылықты өтеу үшін Алматы қаласының арнайы маман­данды­рылған экономикалық сотына талап- арыздар жолданды.

Өрескел заңбұзушылық үшін, яғни мемлекеттік эколгиялық са­раптаманың қорытындысы мен қор­шаған ортаға эмиссияларға рұқсат қағазының болмауына байланысты, белгіленген тәртіпке сай Алматы қаласының арнайы маманданды­рылған экономикалық сотына су­бъ­ектілер қызметін тоқтатуға 16 та­лап- арыз жолданды және олар сот ше­шімімен толық қанағаттан­ды­рылды.

 

Д.Құрманбеков,

Алматы қаласы бойынша бас

мемлекеттік экологиялық инспектор.