1001 ЖЫЛ

img_6108

Әнуарбек ӘУЕЛБЕК

Көзге сүйкімді көрінеді.

Айтқанға жақсы.

Мағынасында шек жоқ…

Ол не дейсіз ғой? Айтайық.

Қала күні қарсаңында Алматы көшелерінде «Almaty-1001» деген жазулар пайда болды.

Қазақ үшін «1001» саны ұлы мақсаттарды арқалап тұрады. Бұл «Мың бір түн» немесе «Мың бір сөз» дүниеге келгеннен кейін айтылып жүрген сөз емес. Қазақ қазақ болғалы «жеті», «тоғыз», «қырық», «тоқсан тоғыз», «жүз», «мың», «мың бір», т.б. сөздер ерекше екпін түсіріліп айтылатын ұғымда қолданылады. Келер жылы «Алматы-1002» деуге де болатын шығар, бірақ «1001»-дің орны бәрібір бөлек болып тұрғандай.

Жасай бер, мың бір бояулы мегаполис!