ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖОЛЫ АШЫҚ

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағыт­талған бірегей алаң – «Жас Кәсіпкер» жазғы лагерінде Қазақстанның болашақ жас кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев, мемлекеттік қыз­мет көрсе­ту сапасы мен сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің ведомствоаралық топтың мүшелері, Алматыдағы менеджмент университе­тінің ректоры Гүлмира Қорғанбаева,  «РУМИ» компаниясы­ның басқарушы директоры Қуаныш Шомбай қатысты.

– Алматы қаласында заманауи, жасампаз ойшыл, жаңалыққа құштар және мақсатына жете білетін қазақ­стандық жастардың басым бөлігі шоғырланған. Бүгінгі таңда олар алдына қойылған міндеттерді ескере отырып, кәсіпкерлік білім алу, бастамашылдық пен шығармашылық дамуды маңызды санайды, – деді Алик Шпекбаев жиын барысында.

«Жас Кәсіпкер» – жас кәсіпкер­лерді қолдау және елдегі инновациялық экономиканы дамытуға қабілетті, әлеуметтік-жауапты азаматтарды оқытуға бағытталған орта. Осындай нысандар болашақта ауқымды жобаларға айнала алатын жаңа ойлар мен іс-әрекеттердің пайда болуына ықпал етеді.

Кәсіпкерлік рухы дәл осылай басқа­рылатын атмосферада, тәлімгер­лер мен жаттықтырушылар арасында қалыптасады.

Агенттік жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша үнемі жұмыс жасап, әкімшілік кедергілерді азайту, мемле­кеттік қызметтерді кедергісіз алу, кәсіпкерлер үшін жағымды ахуал қалыптастыру, мемлекеттік органдар­дың бақылау және қадағалау функ­ция­ларын азайту секілді түрлі жеңілдіктерге жол ашады.

– Агенттіктің сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу жұмыстары кәсіп­керлікті дамыту саласында оң әсерін тигізді, бұл бизнесті құру үшін қолай­лы жағдайлар жасауға мүмкін­дік береді, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.