ЖАҚЫНДА ЖАЙЛЫ ҚАЛАДА ТҰРАТЫН БОЛАСЫЗ

Шаһар басшысы қаладағы инженерлік және көлік инфрақұрылымын

қайта жасау барысын тескерді

 %d1%81%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%ba-4

Алматы қаласының әкімі Бауыр­жан Байбек жұмыс сапары аясында жаяу жүргіншіге басымдық беретін Қабанбай батыр, Панфилов, Жібек жолы, Гоголь көшелері мен «Аста­на» алаңын, сонымен қатар, қаланың инженерлік және көлік инфра­­құры­лымын қайта жасау мен абаттан­дырудың бары­сын тексерді.

Қала әкіміне Абай даңғылы бойындағы Есентай өзені  арқылы өтетін көпірде екі бағыт бойынша көлік қозғалысын ашу 25  қыр­күйек­ке жоспарланғаны баяндалды. Қазір­гі кезде мұнда көпірдің сол­түстік бөлігіндегі жұмыс аяқталған. Жобада көпір астына да өтпелі жол салу  қарастырылған.

Бауыржан Байбек жақын орна­ласқан аумақты  аралап шыққан соң,  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Абай даңғы­лының оңтүстік жағындағы «Достық» спорт кешені алдына қойылған  көлік­терді бір апта  ішінде ретке келтіруді және жаяу жүргіншіге жай­лы болу үшін тротуарларды жасыл жолақпен қамтуды  тапсырды. Жалпы, биыл қалада 26 шақырым тротуар реттелді және жөнделді.

Бүгінгі күні мұнда жауын суағар­лары, суғару және кабель желілері тар­тылған, құрғақ фонтандардың қондырғылары қойылған. Ғимарат­тардың сыртқы келбеті мен кіребе­рістері жаңарған, шырақ діңгектері, жиектастар орнатылған. Жақын ара­да орындықтар, урналар, кіші пішінді сәулеттік формалар қойылады. Бар­лық объектілер Қала күніне дайын болады деп жоспарланған. Атап өтер­лігі, жасыл желек отырғызу күз­де басталады, олар: қайың, терек және басқа да биік болып өсетін ағаштар. Жалпы, 330 мыңнан астам шаршы метр жер көгалданды­рыла­ды.

Алматы  қаласының әкімі жылу желілерін қайта жасау жұмыстарын да тексерді және мердігерлік ұйым­дарға жөндеу жұмыстары аяқталған соң аумақты талапқа сай абаттан­дыруды қадап тұрып айтты. Мәме­това мен Масанчи көшелері және Төле би  көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі учаскеде қазылған ор жабылуда,  көлік қозғалысы бөлі­гінде бұл жұмыс бірнеше күнге жалғасады. Қазыбек би көшесі мен Төле би көшесі бойындағы ұзындығы 1,6 шақырым болатын учаскеде жұмыс  25 қыркүйекте аяқталады. Жаңа жылу маусымына дейін 32 ша­қырым  жылу жүйесі жөнделеді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен  2,7  есе көп. Жөндеу жұмыстары құбыр­ларды изоляциялаудың жаңа әдісі­мен атқарылуда, бұлардың жұмыс мерзімі  – 40 жыл.

Жалпы, биыл 317 шақырым су және 265 шақырым кәріз желілерін  қайта жасауға және жөндеуге қаржы бөлінген. 284 шақырым жаңа су желілерін іске қосу 175 мыңнан астам тұрғыны бар 35 мың үйді  сумен қамтудың орталық жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қалада Фурма­нов, Абай, Хмельницкий көшелерін үңгілеу және бірнеше жолайрықта­рын салу жұмыстары да жалғасуда. Биыл  472 жаңа аула  және әр аудан­да екіден жүргінші аумақтары пайда болады. Жыл аяғына дейін 102 ретсіз өтпелі жол қайта жасалып, түн мез­гілінде жарық көзімен қамтамасыз етіледі.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».