Алматының Наурызбай ауданында жаңа әкімшілік орталық пен бірқатар әлеуметтік нысандар салынды

DCIM100MEDIADJI_0018.JPG

Наурызбай ауданының  саябақ аумағы бар жаңа  әкімшілік- іскерлік орталығына жергілікті  әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, АХАЖ, Қазпошта, банк, зейнетақы төлеу орталығы, мемлекеттік кіріс және  әділет басқармалары және басқалары орналасты. Құрылыс барысында 95% қазақстандық құрылыс материалдары пайдаланылды. АІІБ-нің, 1200 орынды мектептің, 500 адам қатынайтын  емхана құрылысы аяқталды. 

Биылғы жылы Мемлекет басшысының Наурызбай ауданын құру туралы Жарлығына  3 жыл толды. Осы кезең ішінде  ауданда 188  км жол жөнделді,  көпәтерлі 64 тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылды. Аудан газбен 100% қамтылды. 2 мектеп, 3 емхана, салынды, МЖӘ аясында 33 бала бақша, 17 спорт және балалар алаңдары ашылды. Ауданда салық түсімі 11 есе, ШОБ обьектілері  4 есе өсті.

DCIM100MEDIADJI_0007.JPG

 «Наурызбай ауданы орталықтандыру принципі бойынша дамуда. Жаңа әкімшілік орталықтың ашылуы  арқасында барлық мемлекеттік қызмет бір жерден көрсетіледі. Болашақта бұл аймақта жаңа спорт және мәдени объектілер, тұрғын үйлер, бала  бақшалар салынып, жаңа  жұмыс орындары ашылады.Жыл аяғына дейін 123 км су құбыры, 80 км  кәріз желісі тартылады «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында   21 көппәтерлі үй салу жоспарланған. 496 пәтері бар 7 үй қыркүйек айында  іске қосылады. Осының барлығы ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырып, қызмет  көрсету сапасын жалпықалалық стандартқа жеткізеді және 160 мыңға жуық тұрғынның әлеуметтік жағдайын жақсартады», -деп атап өтті  Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Жаңа оқу жылынан бастап «Туған жер» бағдарламасы аясында «Сәби» жеке қайырымдылық қорының қаржысы есебінен 1200 орынды жаңа  №174 мектеп  ашылады.«Завод Электрокабель» ЖШС қаржысына салынған 500 адам қатынайтын емхана бір айдан астам уақыттан бері  yjdfz  қызметін көрсетуде. Алғашқы медициналық –санитарлық көмекпен қатар мұнда асқазан рагын ерте анықтайтын  скринингтік зерттеулер жүргізіледі, сонымен қатар рентген диагностикасы,офтальмолог, оториноларинголог, торакальді және  абдимональді колопроктология кабинеттері жұмыс істеуде. Екі объекті де қаланың коммуналды меншігіне беріледі.

3

Қарғалы өзенінің жағалауын мықтылау үшін жалпы ұзындығы 7,7 км құрылыс жұмыстары атқарылды,аймақ абаттандырылды, аудан тұрғындары демалатын жаңа орын пайда болды. Демалыс аймағына кіші пішінді архитектуралық формалар, жарықтың декоративті тіректері қойылып, балалардың ойын алаңдары және  жаяу жүргінші троутарлары жасалды.

Бұлардан өзге, Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 км жол күрделі жөндеуден өтуде, мұндағы көлік қозғалысы жолы кеңейіп, 4 жолақты болады, Қарғалы өзені арқылы өтетін көпір  қайта жаңғырады, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын троутар жасалады. Аба даңғылын Әшімов көшесінен Қалқаман ықшам ауданынан қала шекарасына дейін үңгілеу жұмыстары жалғасады.

 

https://cloud.mail.ru/public/6jAn/VyE3Enn85