Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №3/240-1919 қаулысы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы       № 1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84 бабының            2 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы             1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2015 жылғы 15 қазандағы қорытындысы негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жылдам автобус көлігі жүйесімен көше-жол желісін қайта жаңғырту үшін Алматы қаласы, Әуезов ауданындағы, Желтоқсан көшесінен, Тимирязев, Жандосов, Сүлейменов, Мұстафин көшелері бойымен, Саин көшесіне дейін, орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2018 жылдың 31 қыркуйегі болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 514 кабинет болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  5. Заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін және өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  6. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шараларды аяқтағаннан кейін:

1) жер учаскелерін Алматы қаласы Қаржы басқармасының теңгеріміне берсін.

2) мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскелеріне меншік құқығын Алматы қаласы Қаржы басқармасына тіркесін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі                                                                    Б. Байбек

 

Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «24 тамыздағы
№ 3/240-1919 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
№ р/н Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты, жөні  (аталуы) Кадастрлық нөмірі Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің алаңы, га
1 Майра Токтасыновна Букенбаева 20-312-058-282 Актюбинская көшесі, 1 жалпы-0,0901        үлесі-0,0401  алынатын бөлігі-0,0084
2 «KAZKOM Realty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 20-312-058-090 Жандосов көшесі, 108 жалпы-0,0738        үлесі-0,0570  алынатын бөлігі-0,0152
3 Ақмаржан Серікқызы Қожасбаева, Салтанат Абдувалиевна Кожасбаева, Шарафат Сериккызы Кожасбаева, Исатай Серікұлы Қожасбаев, Азамат Серикович Кожасбаев 20-312-058-216 Жандосов көшесі, 120 жалпы-0,0384        үлесі-0,0152  үлесі-0,0100
4 Бисимбек Жумасаевич Джамантаев 20-312-058-670 Вишневский тұйық көшесі, 1 жалпы-0,0532        үлесі-0,0226