Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №3/240-1920 қаулысы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы       № 1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84 бабының            2 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы             1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2014 жылғы 16 қазандағы қорытындысы негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Автомобиль көлігінің нысаны үшін Алматы қаласы, Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2017 жылдың 31 желтоқсаны болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 514 кабинет болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  5. Заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін және өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  6. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шараларды аяқтағаннан кейін:

1) жер учаскелерін Алматы қаласы Қаржы басқармасының теңгеріміне берсін;

2) мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскелеріне меншік құқығын Алматы қаласы Қаржы басқармасына тіркесін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                    Б. Байбек

 

Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «24» тамыздағы
№ 3/240-1920 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
№ р/н Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты, жөні  (аталуы) Кадастрлық нөмірі Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің алаңы, га
1 Александр Маркович Буянов 20-321-065-085 Емцов көшесі, 35 0,0869
2 Петр Михайлович  Бут 20-312-011-141 20-321-065-141 Петров көшесі, 4 жалпы-0,062 үлесі-0,032
3 Алихан Туганович Торшхоев 20-321-065-040 Петров көшесі, 24 жалпы-0,0728 үлесі-0,0426
4 Виктор Николаевич Криволапов 20-321-055-299 Құрылысшы шағынауданы, Ырысты көшесі, 6 0,0999
5 Адилхан Рахимович Мирзаев 20-321-055-261 Құрылысшы шағынауданы, Ырысты көшесі, 16 0,065
6 Сергей Гарафутдинович Сабитов 20-321-055-054 Құрылысшы шағынауданы, Ырысты көшесі, 24 0,0543
7 Каримжан Розахунович Асанов 20-321-055-223 Құрылысшы шағынауданы, Күреңбел көшесі, 7 жалпы-0,0578 үлесі-0,0289
8 Темур Турспекович Кидралиев 20-321-055-223 Құрылысшы шағынауданы, Күреңбел көшесі, 7 жалпы-0,0578 үлесі-0,0289
9 Байниязов Шарапат Ибрагимович 20-321-055-158 Құрылысшы шағынауданы, Күреңбел көшесі, 29 0,0627