ҚАЙДАСЫҢ, МИША?!

%d0%bc%d0%b8%d1%88%d0%b0

Бір президенттің  бейнесі  үш бірдей  жерде тұғыртасқа айналып жатқан тұста грузин билігі «көзі тірі» Миша – Михаил Саакашвилиді талтүсте қолына шам алып іздеуге кірісті. Грузияның бас прокуратурасы бірнеше елге, оның ішінде Украинада бар, экс-президентті еліне қайтару жөнінде өтініш хат жолдаған. Бұл жөнінде бұрнағы күні тиісті орындардың дерегіне сүйенген «Имеди» телеарнасы хабарлады. Бұның алдында Гүржістанның экс-президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы М.Саакашвили 10 қыркүйекте Украинаға  оралатынын мәлімдеген болатын. Ал осы жылдың  26 шілдесінде Украина президенті оны азаматтықтан айырған еді. Ол шілденің екінші жартысында АҚШ-та, тамыздың басында  Польшада, одан соң Литва мен Венгрияда  сайран салып жүр.