«ШИН ЛАЙН» БАЛМҰЗДАҒЫ АЗИЯ НАРЫҒЫНА ШЫҒАДЫ

Қазақстан алғашқы рет  Food Expo 2017 бүкіләлемдік азық-түлік көрмесіне қатысты

whatsapp-image-2017-08-17-at-8-53-31-am

«Food Expo 2017» 28-Бүкіләлемдік азық-түлік көрмесі Азияның асхана мамандарының астанасы – Гонконгте ашылып, әлемдік көрмеге алғаш рет қатысушы Қазақстанды бес өндіріс таныстырды. Олар – «Шин-Лайн» балмұздағы, «Батыс Марка Ламб» суытылған еті, «Лавро» өсімдік майымен «Қаржау» шаруа қожалығы, «Лепсі өнімі» ара балы және «Евразия инвест» компаниясының «Saumal» сүті.

Бүкіләлемдік азық-түлік көрмесі әлемнің 26 елінен 1500 қатысушының басын қосты. FoodExpo 2017 көрме­сінің биылғы ғаламдық серіктесі Жа­пониядан 331 қатысушы келген. Көр­меге алғашқы рет қатысушы болып Қазақстаннан басқа Белоруссия, Чехия, Үндістан, Мексика, Тайланд елдері келген екен.

Көрмеде «KAZAKH ІNVEST» компаниясының қолдауымен «Қа­зақстанда жасалған» (Made іn Kazakhstаn) өнімдері Қытай нарығына шығару мақсатында көрсетілім өтті. Көрмеге келушілер, әсіресе, Қазақ­стан брэнді «Шин Лайн» балмұз­дақтарына қызығу­шылық танытты.

–Азия елдерінде салқын тәтті­лерге (десерт) қызығушылық бұрынғы тарихтан белгілі. Осы тұрыда «Шин Лайн» компаниясы өзінің экспорттық мүмкіндіктерін барынша пайдалан­бақшы. Біздің ұсынысымыз – «Бах­ро­ма» брэнді көрмеде аталып өтіп, сый­лыққа ие болды. «Бахрома» – шы­на­йы шығыс тәтті дәмінің жиынтығы. Біздің жақында іске қосқан желі жаңа өнімнің 30 түріне дейін шығаруға мүмкіндік береді.

Көрме өтіп жатқан Гонконг – Қы­таймен, жалпы Азия, әлеммен бизнес жасауға мүмкіндік беретін платформа. Азия нарығына шығу арқылы біз «Қазақстанда жасалған» өніммен әлем­нің тәтті сүйер қауымын мойын­датамыз деп ойлаймын», – дейді «Шин Лайн» компаниясының Маркетинг жөніндегі директоры Константин Доценко.

Қазақстандық азық-түлік әлемдік нарықты меңгеретін күн алыс емес. Себебі, «Қазақстанда жасалған» өнім табиғи, таза, сапалы және дәмді.