ПЕСКОВТЫҢ БАЛАСЫНА АЙЫП ТАҚТЫ

%d1%87%d0%be%d1%83%d0%bb%d0%b7

Ресейдің   жемқорлықпен   күрес қоры (ФБК) Ресей Президентінің баспасөз хат­шысы Дмитрий  Пес­ковтың бірінші әйелінен туған баласы Николай Чоулзды айыптап отыр. Николайдың өзі бұны сұмдық жағдай және  арандату деп бағалаған.

ФБК-ның иесі – Ресей оппозиционері Алексей Навальный. ФБК-ның дерегінше, Николайдың автопаркі,   Англияда соттал­ғаны, төленбеген бір­неше ірі көлемдегі айыппұлдары, тапқан табысын жасырғаны, т.б, тәптіштеп көрсетілген. Мұның бәрі  жала екенін айтқан ол одан  әрі түсіндірме беруден бас тартты. 27 жастағы Николай Чоулз Песковтың ұлы болғанымен, ол бүгінде ағылшынның фами­лиясын алған. Сондай-ақ,  ФБК оның автопарактегі авто-көліктерінің  ұзын-сонар тізімін  келтірген.  Сондай-ақ ол  2012 жылдан бері жұмыс істемей дүние жүзіне саяхат жасаумен айналысатын  көрінеді.