3 миллионыншы келуші апта соңында анықталады

1503301555_article_b_1500_

10 маусымнан 20 тамызға дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан­ды­рылған көрмесіне 2 779 820 адам келді, деп хабарлайды egemen.kz сайты «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ал көрменің 3 миллионыншы келушісі апта соңында анық­талуы мүмкін.

– 14–20 тамыз күндері ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 345 445 адам, яғни, орта есеппен күніне 49 349 адам келді. Өткен аптамен салыстырғанда, келушілер саны 14 мың адамға артқан. 10 маусым мен 20 тамыз аралығында ЭКСПО-2017 көрмесіне 2 779 820 адам келді, – деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын 4 тамыз күні Орал қаласының тұрғыны Ғайса Жұмалиев ЭКСПО-2017 көрмесінің екі миллио­ныншы келушісі атанып, Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов келушіні арнайы құттықтаған болатын. Баспасөз қызметінің мәліметінше,  ЭКСПО қонақтары ең көп тама­шалаған павильондар арасында – Африка плазасы, Египет,Түркия алғашқы үштіктің қатарында болса, одан кейінгі орындарға Таиланд, Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбек­стан, Жапония, Сауд Арабиясы Корольдігі ретімен жайғасқан.