«Star of Asіa» музыка фестивалі билеттерінің 80%-дан астамы сатылды

1-%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%b1%d0%be%d1%80%d0%b4

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында 19-20 тамызда «Star of Asіa» халықаралық музыка фести­валі өтеді. Мәдени шараны ұйым­дастырушылардың мә­ліметі бойын­ша, қазірдің өзінде билеттердің 80%-дан астамы сатылып үлгерді. 

Алматыда алғаш рет өтетін жаңа форматтағы музыкалық фестиваль «Азия даусы» конкурсы дәстүрінің символи­калық жалғасына айналады. Мәдени шара ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында ұйымдастырылады және Қала күніне арналған ауқымды шаралардың бастауы болып табылады.

Медеу» биік мұз айдынына Қытайдың, Түркияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Индияның және басқа шет елдердің танымал әншілері келеді. Олардың арасында оңтүстік кореялық «U-KІSS» К-рор тобы, Индияның әншісі Sanah Moіdutty, түрік жұлдызы Murat Boz бар. Екі күнге жалғасатын фестивальде шетел­дік әртістермен бірге, МұзАРТ, Қайрат Нұртас, Айкын, Мәдина Сәд­уақасова, Кәмшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан, Әли Оқапов және басқа қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Көрермендер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылып отыр, әр аялдамадан 20 көлік қатынайды. Автобустар Абай даң­ғылы, 48/1 – Орталық стадионның маңы­нан және Достық даңғылы мен Құрман­ғазы көшесінің бұрышынан жүреді. «Ме­деуге» баратын жолаушылар көлігі сағат 16.00-ден 18.30-ға дейін жүреді. «Медеу­ден» автобустар сағат 22.00-ден 23.30 аралы­ғында кері  қайтады. Жол­ақысы – 150 теңге.

Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікті пайдалануды өтініп сұрайды. Фестиваль өтетін күндері жеке көлік тұрақтарының саны артады.

Биік тау шатқалындағы ауа темпе­ратурасы қаладағыдан төмен әрі мәдени шара өтетін күндері жауын жауып, жел тұруы мүмкін. Осыған орай ұйымдас­тырушылар қонақтарға арнап жауын плащтарын дайындап қойды. Естеріңізге салсақ, билеттерді Kassіr.kz, Chocolіfe.me, Tіcketon.kz сайттарынан және Республика Сарайының, Мега Орталықтың және «Меломан» желісінің кассаларынан  алуға болады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».