Жамағат жасыл алаңға шықты

«Асыл  мұра» бағдарламасы аясында кезекті футбол жарысы өтті

etg_ngnfr54

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ста­дионында футболдан мешітке келу­ші жамағаттар арасындағы кезекті  жарыс өтті.

«Асыл  мұра» бағдарламасы аясында ұйымдас­тырылған кездесулер «Исмихан» және «Райымбек» мешіттері өкілдері арасында топтық және олимпиадалық жүйесі бойынша өткізілді.

Бұл турнирге 20 команда тіркеліп, ,оның 16-сы Райымбек мешітінің өкілдері болды. Нәтижесінде «Думан» командасы бірінші орынды иеленіп, алдағы аудандық кезеңге жолдама алды. Ал екінші және үшінші орынға «Достар» мен «Жамағат» ұжымдары жайғасты.

Екінші – «Исмихан» мешіт жамағат­тарының арасында алтынды «Ақсу» командасы ұтып алса, күміс және қола  медальдарды «Бейбарыс» пен «Сәлім» ойыншылары алды.

Сонымен  жеңімпаздар мен жүлде­герлер медальдармен марапатталса, бірінші орын алған командалар аудандық кезеңге жолдама алды.

«Асыл  мұра» бағдарламасы мешітке келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

 

«Ақшам-ақпарат».